«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов облыс орталығын ара­лау барысында “Динамо” стадио­нының жай-күйімен та­ныс­ты. Қазір бұл нысанды коньки спор­тына бейімдеу мүмкіндігі қарас­тырылуда. Облыс әкімі дене шы­нықтыру және спорт басқар­ма­сының басшысына Петропавл әкімімен бірге тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

Одан кейін Ғауез Нұрмұхам­бетов көпсалалы қалалық ауру­ханаға барды. Соңғы бес жылда аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңартуға 2,5 млрд. теңге бө­лінді. Биыл гинекология бөлім­шесіне күрделі жөндеу жүргізілмек. Сонымен қатар диагнос­тиканы жақсарту үшін заманауи ангиограф сатып алынды.

Облыс әкімі №2 арнайы мек­­теп-интернатта да болды. Бұл мектептің базасында ерек­­­ше ба­лалар білім алатын ар­найы оңалту орталығы ашыл­мақ. Осы­­ның арқасында оқу үде­рісі жаңарып, балалар­дың қор­шаған ортамен байла­нысы ны­ғаяды.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Жұмысшы кентін­де орналасқан мектептердің жағ­дайымен танысты. Жуырда журналистермен кездесуде аталған шағын­аудандағы оқу орын­да­рының аумағын абаттандыру, жайлы демалыс орындарын құру мәселесі көтерілген еді.

Қазіргі таңда бұл бағытта жұ­мыстар жүргізілуде. Былтыр №31 мектептің шатыры жөндел­ді. Биыл №42 мектепті күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар білім ошағының аумағына тұрғындарға арналған көше тренажерлары, ойын және спорт алаңы орнатылады.

№27 мектептің жанына фут­бол мен хоккей алаңы қойы­лып, ғимараттың қасбеті де жа­ңар­тылады. Жалпы биыл облыс орталығындағы алты мектепте күрделі жөндеу жүргізілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp