Облыстық полиция департаментінің мамандары Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ведомствода жұмыс істейтін қыз-келіншектерге арнап тренинг өткізді. Погон таққан арулар үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Тренингтің мақсаты – нәзік жандарға жан-жақты қолдау көрсету. Шарада терең психологиялық және сауықтыру әсерін беретін шегеде тұру әдісі қолданылды. Әсерлі музыкамен би қатысушыларды бір сергітіп тастады. Сабақ соныңда аутотренинг сеансы ұйымдастырылды.
– Біздің “Жан үйлесімі” деп аталатын психологиялық сабақтарымызға 102 ару қатысты. Шыны керек, жұмыстың ауырлығына байланысты біз көп жағдайда өзіміздің жеке мәселелерімізді кейінге қалдырып жатамыз. Адамдарды қорғау және құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді барынша тиімді атқару үшін өз мәселелерімізді уақытылы шешіп, ішкі тепе-теңдікке қол жеткізу қажет, – дейді департаменттің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспектор-психологы Ләззат Мүртәлі.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.