«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік кубогы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда кеңес әске­рінің Ауғанстаннан шыға­рыл­ғанына 35 жыл толуына орай кикбоксингтен тур­нир өтті. “Солтүстік ку­богы” деген атаумен ұйым­дастырылған жарыс­қа елі­міздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам спортшы қа­тысты.

Турнир жеті салмақ дәрежесі бойынша өтті. 60 килограмм салмақта алдымен шаршы алаңға Қостанай мен Өскеменнің спортшылары шықты. Тартысқа толы кездесуде жеңіс шығыстан келген Ернұр Қайырбековке бұйырды.

– Осымен екінші мәрте қатысып отырмын. Қарсыласым осал емес. Бапкерімнің кеңесін тыңдап, жеңіске жеттім. Алда әлі бірнеше айналым бар. Барымды салып, тур­нирдің жеңімпазы атануға ты­рысамын, – дейді Ернұр Қайыр­беков.

 “Солтүстік кубогы” жарысында жеңіске жеткендер ұлттық құрама сапына алынатынын айта кеткен жөн. Олар Вьетнамда өтетін Азия біріншілігіне аттанады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp