«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әжелер сайысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданында ал­ғаш рет “Дәстүріміздің бал қаймағы – әжелер” атты са­йыс өтті. Жарысқа қатыс­қан жеті қария жиналған­дар­ға ұршықпен жіп иіру, құрақ құрауды үйретіп, ұлттық та­ғамнан дәм татқызды.

Іс-шараның мақсаты – ұмыт болған немесе жоғалып бара жатқан дәс­­түр­ле­рімізді қайта жаңғыртып, өс­келең ұр­паққа үлгі ету. Сайысқа 60-70 жас ара­­лығындағы әжелер қа­тысты. Өнер сайысының талап­та­ры бойын­ша әр қатысушы өзін таныс­ты­­рып, екін­ші бөлімде ұршық иіру ше­бер­ліктерін көрсетті. Содан кейін қаты­су­шылар­дың білім деңгейі тек­серілді.

 – Бұл сайыстың тәрбиелік мәні зор. Былтыр Шал ақын ауданында үздік келін анықталған болатын. Енді осындай өнер сайыстарын жиі өткізу жос­парланып отыр – дейді “Ата мұра” этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гүлнар Әбілқайырова.

Сайыс қортындысы бойынша Бір­лік ауылынан келген Роза Бей­сен­баева “Данышпан әже”, Қар­лығаш Шарипова “Салмақты әже”, Ай­ман Ақанова “Асыл әже” атанды. Ең көп ұпай жинаған Парида Жүз­жасарова сайыстың бас жүлдесіне ие болып, “Үздік әже” атанды. Бірін­ші орын Нұрғиза Оспановаға бұйыр­ды. Ал Мағира Жұпарбекова екінші орынға жайғасса, Новопокровка ауы­лынан келген Алма Темешпае­ва үшінші орынға  табан тіреді.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp