«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірнеше мәселе қаралды. Алдымен об­лыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулиннің мекемедегі қыз­мет­тік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, теріс қылықтар мен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарды болдырмау туралы есебі тың­далды. Асқар Ережепұлы мемлекеттік органдағы кадрлық ахуал, сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған шараларға тоқтал­ды.

Уәлиханов ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Сағитов мемлекеттік қызмет және сы­байлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің, мемлекеттік қыз­мет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қа­таң сақтау жүйелі түрде түсінді­ріліп, консультациялық көмек­тер көрсетіліп тұрады.

Облыстық құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу ко­митеті департаментінің аға про­куроры Талғат Байматов өз сө­зінде 2023 жылы мемлекеттік қыз­метке кір келтіретін теріс қы­лық жасағаны үшін және түр­лі себептермен мемлекеттік қыз­меттен босатылған 26 мемле­кеттік қызметшінің орталықтан­дырылған есепке қойылғанын жеткізді.

Облыстық мемлекеттік қыз­мет істері департаментінің бас­қарма басшысы Гүлнар Жуса­лина жергілікті атқарушы орган­дарда “Е-қызмет” БАЖ-де элек­трондық жеке істерді қалыптас­тыру жағдайы туралы айтып бер­ді. Оның ақпаратына сәйкес, былтыр 1435 жеке іске қашықтан мониторинг жүргізілген. Нә­тижесінде 2023 жылдың 4 тоқ­санында мемлекеттік қызмет­шілердің электрондық жеке іс­терінің 141-де кемшілік анықта­лып, түзетілген. Биыл бірінші тоқсанда тіркелгені – 230. Кө­біне өмірбаян деректерінің элек­трондық жеке істен алын­ған мәліметтерге сәйкес кел­меуі, дипломға қосымшалардың, декларациялардың, оқу­дан өту сертификаттарының бол­мауы сияқты олқылықтар тән.

Әдеп жөніндегі кеңес мүше­лері талқыланған мәселелер бойынша баяндамашылардың ақ­паратын тыңдағаннан кейін тиісті шешімдер қабылдап, жүр­гізіліп жатқан жұмысты жетіл­ді­ру бойынша бірқатар ұсыным­дар берді.

Жиында Аққайың ауданы, Астрахан ауылдық округінің әкі­мі Руслан Қабатаевтың мем­лекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі бо­йынша тәртіптік іс қаралды. Ол актіде көрсетілген жұмыстар орындалмаса да, 1361607 теңге қаражатты “Компания KZO11” ЖШС-ға аударып жіберген. Сөйтіп, “Мемлекеттік қызмет ту­ралы” Заң талаптарын өрескел бұзған.Әдеп жөніндегі кеңес мү­шелері қызметтік тергеу ма­те­риалдарын жан-жақты зерде­лей келіп, шенеунікті атқарған лауа­зымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсын­ды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp