«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтқарушылар көмекке әзір

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы облыстық төтенше жағдайлар депар­та­ментінің жұмысымен таны­су мақсатында өрт сөн­ді­ру қыз­метінің бөлімшеле­рін арала­ды. Петропавл қала­­сын­да ор­на­ласқан №1, 2, 3, 4 және 5, сон­дай-ақ Қы­зыл­жар ауда­нының орталығындағы №13 өрт сөн­діру бөліміне барды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов өртсөндірушілердің техника­лық жарақтандыры­луы­мен, күн­де­лікті еңбек және де­малыс жағ­дайларымен, жеке құ­рамның спорт­тық дайындығы­мен таныс­ты. №2 мамандан­ды­рылған өрт сөн­діру бекетін ара­лау барысын­да өртсөндірушілер мен құтқа­ру­шылар қол­дан­атын арнайы техни­ка мен апатт­ық-құтқару құрал­да­рының көр­се­ті­лімі өтті. Облыс әкімі құрал­дардың тех­никалық си­паттамаларын, олар­дың төтен­ше жағ­дайлар мен іздес­тіру-құтқару жұмысындағы, өрт сөн­дірудің қиын жағдайын­дағы тиімділігін атап өтті. Ал №1 өрт сөндіру бөлімшесінде өңір бас­шысы облыстың өрттен қор­ғау қыз­­метінің тарихына арналған мұра­жайды аралады. Бұл жер­де са­ла­ны дамыту мен көркей­тудегі елеу­­лі және есте қалатын оқи­ғалар­мен, өртсөндіруші­ле­рдің ерлік іс­терімен танысуға болады.

Жұмыс сапарының соңын­да об­лыс әкімі төтенше жағ­дайлар қыз­метінің маңызды­лығын атап өтіп, қыз­меткерлер­ге күрделі мін­­­дет – қа­зақ­стандықтарды апат­­тар­дан қорғауда табысты еңбек етуге ті­лек­тес­тік білдірді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp