«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаһарман қыздар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде “Жұлдызды қыздар” көрмесі ашылды. Көр­ме білімді, еңбекқор, батыл әрі өжет әйелдерге құрмет көрсету, оларды еске алу үшін ұйымдас­тырылуда.

Көрмеге суреті қойылғандардың басым бөлігі – қазақстандық әйелдер, соның ішінде “Социа­листік еңбек ері” атағына ие бол­ғандар. Қазақстанда бұл жоға­ры атаққа 1803 адам, оның ішін­де 227 әйел ие болған.

Көрме сөресіне егінші­лер, мал өсірушілер, мұнайшы­лар, электровоз машинистері, тракторшылар мен комбайншы­лар, сауыншылар, балықшы­лар, мұғалімдер, құрылысшы­лар, дәрігерлер және жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері жайлы ақпараттар орналастырылды. Қыздардың көпшілігі еңбек жо­лын өте ерте бастап, 40 жасқа дейін “Социалистік еңбек ері” атағын алған екен. Мысалы: Б.Қожашова – 28 жаста, Ж.Ма­медова және К.Оразалина – 25 жаста, Е.Сивцева – 23 жаста, Е.Ким – 22 жаста, З.Василенко, Л.Самохвалова, С.Алиева және И.Ибрагимова – 21 жаста, Н.Ку­банова – 19 жаста құрметке бө­ленген.

“Кеңес Одағының Батыр­лары” арасында барлығы 95 әйел бар, олардың ішінде 49 әйелге жоғары атақ қайтыс бол­ғаннан кейін беріліпті. Отан үшін от кешкен Әлия Молдағұлова (18 жас) мен Мәншүк Мәметова (20 жас) және жалғыз шетелдік поляк Анеля Кживонь (18 жас) мәңгі есімізде қалады.

Көрмеге келушілер “Кеңес Одағының Батыры” және “Со­циалистік еңбек ері” жоғары атағына ие болған жалғыз әйел, 31-ші гвардиялық бомбалау авиациялық полкінің командирі, полковник В. Гризодубованың бі­регей фотосуретін көре алады.

Көрмеден ғарышқа ұшқан алғашқы әйелдің және екі рет “Ке­ңес Одағының Батыры” ата­ғын алған жалғыз әйелдің өмір­баянымен, сондай-ақ, тарихта алғаш екі рет Нобель сыйлығын иеленген Мария Склодовская-Кюридің ғұмырнамасымен таны­суға болады. Оның қызы Ирэн Жолио-Кюри де Нобель сыйлығының иегері атанған. Нобель сыйлығын иеленген әйелдер ерлерге қарағанда 13 есе аз. Нобель сыйлығын 20 ғасырда 29, 21 ғасырда 35 әйел алған.

Валентина КОРНЕВА,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp