«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлтын жанындай сүйген тұлға әлі күнге дейін еленбей келеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ радиосын үзбей тың­дай­мын. Бас-аяғы жұмыр ке­зек­ті хабар республикамызды ши­рек ғасырға жуық басқарған Дін­мұхаммед Қонаевқа арна­лып­ты. Қала, көше, мектептерге есі­мі­нің берілуі әбден құптар­лық.

Есіме біреуді-біреу біліп бол­майтын аласапыран, қиын-қыстау кезеңде елімізге жетекшілік еткен, қазақтан шыққан тұңғыш бірінші хатшы Жұмабай Шаях­метов оралды. Әлі күнге дейін мемлекет қайраткеріне лайық құрмет көрсетілмей, ұлықтал­мауының себеп-салдарына қан­ша үңілгенмен, шешуін таппаған жұмбақ сияқты. Оның халыққа сіңірген орасан еңбегін бір шо­лып өтейікші. Жұмекең Мәскеу­дегі Н.Нариманов атындағы Шы­ғыс институтында оқыған. 1946 жы­лы сәуірде Қазақстан Ком­партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайла­нып, осы жылы оның тікелей қол­дауымен Қазақ КСР Ғылым ака­демиясы, кейін Қыздар педа­го­гикалық институты ашылып, то­лық мемлекет қамқорлығында болды. 1951 жылы республика­лық партия съезінде қазақ әйел­дерін басшылық жұмысқа кеңі­нен тартуға нақты тапсырма бер­генін көпшілік біле бермейді. Қ.Сәтпаев пен Д.Қонаевты жа­ны­­на жақын тартып, ұлттық кадр­­лар резервін қалыптасты­ру­ға ерекше еңбек сіңірді. Көп­теген қазақ жастары Мәскеу мен Ленинградта оқыды. Жүздеген зауыттар мен фабрикалар тұр­ғызылып, мыңдаған шақырым те­мір жол төселді. Қазақстан арт­та қалған елден аграрлық-ин­дус­триялық республикаға ай­на­ла бас­тады. Ол – 1950 жылы КСРО-ның “Бейбітшілік туралы” заңы­на қол қойған алғашқы қазақ.

“Партийная жизнь” журналы 1947 жылы кезекті сандарының бірінде “За последние годы вы­росли кадры национальной интеллигенции, расширена сеть высших учебных заведений, уве­личилось число учащихся за счет казахской молодежи. ЦК КП(б) Казахстана добился не­которых успехов в выдвижении и выращивании национальных кадров. В настоящее время из 729 секретарей горкомов, рай­ко­мов партии казахов – 395, или 54 процента. Из 70 секретарей обкомов партии казахов – 36, или 51 процент. В составе председателей облисполкомов казахов – 87,5 процента. Жу­мабая Шаяхметова сильно бес­покоил недостаток рабочих и тех­нической интеллигенции из казахов. Среди 35 тысяч уча­щихся фабрично-заводских и ремесленных училищ казахская молодежь составляла всего 4,3 тысячи человек. Из 1 687 выпускников технических вузов было142 казаха. Во время оче­редной командировки в Москву вместе с председателем Совета министров Нуртасом Ондасы­но­вым они напросились на прием к Сталину и добились его разрешения часть молодежи призыва в армию 1944 года отправить на промышленные объекты”,– деп жазды. “История Казахстана” журналының 2011 жылғы 12 санында “Кто правил нами, и какой след они оставили в истории Казахстана” деген ма­қа­лада Жұмекең туралы былай дейді: “Во время правления этого трудолюбивого, талантли­во­го организатора укреплялся порядок. Росли партийные ор­ганизации. Строгий спрос и ис­полнительская дисциплина, на­чиная от предприятия до ми­нистерства, формировались в эти годы”. Қазір бізге жетпей тұр­ғаны – осы талап. Істен гөрі сөз қуып кеткеніміз жасырын емес.

1953 жылы саяси тартыс­тар­дан соң билікке келген Н.Хру­щев тыңайған жерлерді игеруді Қазақстаннан бастау қа­жет деп есептеді. Оның ауыл­дың іргесі­не дейін жүгері егіп тас­таған волюнто­ристік ұр­да-жық әреке­ті­нің зар­дабын әлі тартып келе­міз. Ж.Шаях­метов өз кезегінде рес­публиканың географиялық ерек­шеліктерін және осыған бай­ланысты қазақ халқының негі­зі­нен мал шаруашылығымен ай­на­лысқанын ескере отырып, жер­ді жаппай жыртуға қарсылы­ғын білдірді. Осы себепті қыз­метінен алынып, Оңтүстік Қазақ­стан облыстық партия коми­те­тінің бірінші хатшылығына дейін төмендетілді.

Тоқетерін айтқанда, ұлтын Жұ­мабай Шаяхметовтей сүйген, ол құсап еңбек сіңір­ген тұлғалар некен-саяқ. Өмірі­нің соңында қатерлі ауруға шал­дығып, Мәскеудегі бір бөлмелі үйде тұрған. Зайыбы қайтыс бол­ғаннан кейін Алматыда балаларының қолында көз жұмғанда республика басшылары қамқор­лық көрсете алмаған. Оған сол кездегі Астық дайындау ми­нистрі Мұзафар Дайыровтың “увидел, как бедствует бывший первый руководитель Казах­стана в однокомнатной кварти­ре со старой мебелью из по­сольства. У четы Шаяхметовых – поношенная одежда, оба бо­леют. Дети привезли Ж. Шаях­метова позже в Алма-Ату, здесь он умер в октябре 1966 года. Лишь скромная табличка на до­ме, где он жил в центре города, напоминает о нем потомкам. На его могиле установлен скром­ный памятник. Такая вот совет­ская традиция предавать заб­вению заслуженных людей, ру­ководителей первых рангов Ка­захстана. В Казахстане нет ули­цы, школы и других объектов, носящих имя Ж. Шаяхметова. Он не попал в вышедший в 1980 году “Советский энциклопеди­ческий словарь”, состоящий из 80 тыс. статей. Первые сек­ре­тари обкомов партии в нем есть, а первого секретаря ЦК партии нет. Между тем, “Британская эн­циклопедия” 1967 года уделила несколько строк Казахстану и Шаяхметову. Бывший глава Правительства Казахстана Бай­кен Ашимов на научно-практи­ческой конференции в Алматы, посвященной 100-летию Жума­бая Шаяхметова коротко и ясно сказал: “Ради объективности на­до отметить, что особенно вели­ка его роль в подборе и воспи­тании кадров, в выдвижении на руководящие посты по деловым качествам. При нем казахи пе­рестали считаться с деле­нием на жузы, племена и роды”, – деуі – соның бірден-бір дәлелі.

Олжас Сүлейменовтің “Тау­лар­ды аласартпай даланы ас­қақтатайық” деген қанатты сөзі бар. Сол айтқандай, саналы ғұ­мырын ел-жұртының өркениет­тен қалыспай, терезесі тең елдер қатарына қосу жолына арнаған Жұмабай Шаяхметовтің есімін жастардың жүрегіне ұя­латып, есімі ұлықталып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Әйіп ЫСҚАҚ,

биология ғылымдарының докторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp