«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есептегіш орнату қажет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жеке сек­тор тұрғындары бау-бақшаны суару үшін енді бөлек есептегіш құралын орна­туы керек. Бұл туралы “Қызылжар су” жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктесті­гінің мамандары айтты.

“Кәсіпорын 2024 жылы жасыл желектерді суаруға арналған тіршілік көзін пайдалануға жазғы су құбырын қосу туралы шарт же­ке есептеу құралын орнатқан тұ­тынушылармен ғана жасала­ты­нын хабарлайды”, – делінген хабарда. Яғни жеке тұрғын үйде тұ­ратындар бау-бақшасына жазғы суару жүйесін пайдалану үшін есептегіш құрал орнату қажет.

“Бұған дейін қала тұрғындары үй маңындағы бау-бақшаны суару үшін жазғы су құбырын қосатын. Кім­нің қанша пайдаланып жат­қа­ны есептелген жоқ. Енді суды үнем­­деу үшін есептегіш құрал ор­натып, келісімшартқа қол қояды. Тек содан соң ғана суды пайда­ла­на алады. Бұл шараны Прези­дент­­тің таза суды үнемдеу керек де­ген тапсырмасына орай қолға ал­дық”, – дейді кәсіпорынның ат­қарушы директоры Арман Сауы­тов. Бұл жаңашылдық әзірге жеке сектор тұрғындарына ғана қатысты.

Қазір Петропавлда жеке сек­торда 17 мыңға жуық үй бар. Тұр­ғындардың басым бөлігі жазғы су құбырын қосып, бір сотық жер үшін жазда 852 теңге төлеп келді. Есеп­тегіш құралын орнатқаннан кейін судың әр текше метрі үшін 95 теңге төлейтін болады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp