«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 13, 2024

Әріптестік байланыс

Қостанай қаласындағы На­зарбаев зияткерлік мектебінің ұс­таздары іссапармен Петропавл­ға келді. Мұнда мамандар жер­гілікті әріптестерімен тәжірибе алмасты. Шараның негізгі бөлігі алдында делегацияға білім ұя­сының жұмысы мен оқушылар­дың талайды таңдай қаққызған жобалары таныстырылды. Қонақтар­­ға мектепті басқару ісінде цифрлық ресурстарды пайда­лану тәсілдері ерекше ұнады. – Бізге “Горизонталды жос­парлау” жобасы қызық болды. Оны бәріміз іске асырып жатыр­мыз. Алайда бұл мектептің …

Әріптестік байланыс Read More »

ӨЛІМНЕН АМАН ҚАЛҒАН АНА

Өңір дәрігерлері 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді өлімнен аман алып қалды. Шал ақын ауданының тұрғыны Жадыра Ахметова ақпан айында бесінші сәбиін дүниеге әкелген. Алайда екі аптадан соң нау­қастың денсаулығы сыр береді. Көпбалалы ана аудандық ауру­ханаға жатқызылғанымен, жағ­дайы жақсармаған. Облыс ор­та­лығынан бір топ дәрігер ау­данға шұғыл жетіп, ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. – Қанның …

ӨЛІМНЕН АМАН ҚАЛҒАН АНА Read More »

Қызанақтан вирус анықталды

Мамандар шетелге шығарылуы тиіс 1,5 тон­на қызанақтан тосповирус анық­тады. Облыстық аумақтық инспек­цияның мәліметінше, қызанақ Ре­сейге жөнелтілуі тиіс бол­ған. Өсім­діктер карантині жөнін­дегі инспектор өнімді Астана қаласы­ның өсімдік­тер карантині жөнін­дегі республи­калық орталыққа ПЦР тест жүргізу үшін сараптама­ға жіберген. Ол жер­де көкөніс қо­ңыр қатпарлы ви­русқа, қызанақ­тың қола түстес тос­повирусына және пепино Мозай­ка ауруына тексерілді. Нәтижесінде қыза­нақтан қола түстес …

Қызанақтан вирус анықталды Read More »

Қоқыс полигонындағы мигранттар

Көші-қон жағдайын бақылау – қоғамдық қауіпсіздікті қамта­ма­­сыз етудің маңызды бағытта­рының бірі. Облыс аумағында полицейлер көші-қон заңна­масы бұзушылардың жо­лын кесуге бағытталған “Миг­рант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталмыш іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік по­ли­цейлер, жедел уәкілдер жұ­мылдырылды. Сауда базарла­ры, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шетелдіктердің заңсыз ең­бек күші пайдаланылатын басқа да орындар тексеріліп жа­тыр. Петропавл қаласының маңын­дағы …

Қоқыс полигонындағы мигранттар Read More »

Кінәсін мойындады

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі маманданды­рылған ауданаралық соты тас жолда екі адамды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен ер адамға қатысты қыл­мыстық істі қарады. Облыстық соттың баспасөз қыз­метінің мәліметінше, оқиға былтыр 5 тамызда сағат 23.30 ша­масында Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы автожол­да болған. Е. есімді жүргізуші “Toyota Land Cruiser 100” марка­лы автокөлікті басқарып келе жа­тып, жолда Х. және …

Кінәсін мойындады Read More »

ДЕРТКЕ – ДӘРУ, САУҒА – ҚУАТ

Есіл ауданындағы Бірлік ауы­лының тұрғыны Қуатбек Ықышов бірнеше жылдан бері бие байлап, ұлттық сусын – қымызды табыс көзіне айнал­дырып отыр. Санаулы биені сауудан бастаған кәсібі қазір шағын отбасылық кәсіпке айналған. Қазақ халқы үшін төрт түлік­тің осалы жоқ. Дегенмен жылқы­ның адам үшін орны бөлек. Тү­ліктің бұл түрі – жылқы жанын тү­сінгеннің жан серігі, адал досы. – …

ДЕРТКЕ – ДӘРУ, САУҒА – ҚУАТ Read More »

Қырық кісі – бір жақ, қыңыр кісі – бір жақ

Былтыр Шал ақын ауданын­да­ғы Кривощеково ауылдық ок­ругіне де, осы аттас елді мекенге де Арай деген әдемі атау беріліп, тұрғындардың көңілі бір көтері­ліп қалған болатын. Алқағаш – осы округке қарасты төрт ауыл­дың бірі. 1999 жылғы санақ бо­йынша мұнда 359 адам тұрса (187 ер адам, 172 әйел адам), қа­зір он есе азайып, бар-жоғы 36 үй қал­ған. Бы­лайша …

Қырық кісі – бір жақ, қыңыр кісі – бір жақ Read More »

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…”

– Хамзат Қажымұратұлы, мұсылмандар үшін қасиетті са­налатын Рамазан айының бас­талуымен құттықтаймын! Әң­гімеміздің әлқиссасын осы та­қырып төңірегінде бастасақ. Оразаны тамақтан ғана тыйы­лу деп түсінетіндер көп. Неге? – Ораза араб тілінде “саум” деп аталады. Саум сөзінің тілдік ма­ғынасы барлық нәрседен ты­йылу деген ұғымды берсе, ша­ри­ғаттағы мағынасы – таң атқан­нан күн батқанға дейін ораза ниеті­мен ішіп-жеуден тыйылу де­генді …

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…” Read More »

ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЛАҒА КЕЛЕДІ

Аудандардағы автомектептер Халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті жердегі бөлімдерінде емтихан сыныбын ашу мәселесін көтерді. Белгілі болғандай, кейбір аудандарда болашақ көлік жүргізушілеріне теориялық емтихан тапсыруға жағдай жасалмаған. Сондықтан олар облыс орталығына келіп емтихан тапсыруға мәжбүр. Бұл мәселені облыстық кәсіпкерлер палатасының кә­сіп­керлердің құқықтарын қор­ғау және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне Мамлют және Шал ақын ауданындағы автомектеп …

ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЛАҒА КЕЛЕДІ Read More »

Есептегіш орнату қажет

Петропавлда жеке сек­тор тұрғындары бау-бақшаны суару үшін енді бөлек есептегіш құралын орна­туы керек. Бұл туралы “Қызылжар су” жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктесті­гінің мамандары айтты. “Кәсіпорын 2024 жылы жасыл желектерді суаруға арналған тіршілік көзін пайдалануға жазғы су құбырын қосу туралы шарт же­ке есептеу құралын орнатқан тұ­тынушылармен ғана жасала­ты­нын хабарлайды”, – делінген хабарда. Яғни жеке тұрғын үйде тұ­ратындар бау-бақшасына …

Есептегіш орнату қажет Read More »

“ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ” ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАУ АЛАДЫ

“JORYQ” республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгені ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Екітараптық жүздесуде биыл V Дүниежүзілік көш­пенділер ойындары қарса­ңында өтетін “Ұлы Дала жо­рығы” бірегей марафон-бәй­гесінің республикалық ірік­теу кезеңінің өтетін орны мен басталу күні белгілі бол­ды. Марафон-бәйгенің бас­талу нүктесі ретінде Петро­павл қаласында орналасқан “Абылай …

“ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ” ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАУ АЛАДЫ Read More »

Қырдағы дүбір қарсаңында

“Amanat” партиясы облыс­тық филиалының отырысында қыр астында тұрған көктемгі да­ла жұмыстарына дайындық мә­се­лесі арнайы талқыланып, бір­қа­тар міндеттер белгіленді. Жиын­да облыстық ауыл шаруа­шы­лы­ғы және жер қатынаста­ры бас­қармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың есебі тыңдалды. Баяндамашы биыл барлық егін алқабы 4,5 млн., оның ішін­де дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,4 млн., майлы да­қылдар 51 мың, жемшөптік да­қылдар 379 мың гектарды …

Қырдағы дүбір қарсаңында Read More »

Көрісу – көктемнің басы

Кеңес билігі 1926 жылдан бастап Наурыз мейра­мын тойлауға ресми түрде ты­йым салса да, ел ішінде атап өтілетін. Үлкендер жағы “Ұлыс­тың ұлы күні келді” десіп, бір-бі­рімен төс қағыстырып, көрісу рә­сімін жасайтын. “Ақ мол бол­сын, қайда жүрсең, жол болсын!” деген игі тілектер айтылып, көп­тен көріспеген ағайын құлын-тайдай шұрқырасып, арқа-жар­қа болатын. Әбден тоң болып қатқан жер-ана бусанып, жыл …

Көрісу – көктемнің басы Read More »

Жалған брокерлерден сақтаныңыз

Бүгінгі күні брокерсымақтар мен жалған инвестиция тартушы делдалдар санының жылдам артып, белсенді жұмыс атқарып жатқанын байқауға болады. Алаяқтар брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асырып жатырмыз деп сендіріп, қарапайым схема бойынша азаматтардан ақша тартады, олар қолдарында қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы болмай тұра, өздерін табысқа жеткен және болашағы бар компаниялардың қызметкерлеріміз деп таныстырады. Соңғы жылдары қаскүнемдер азаматтарды алдау үшін …

Жалған брокерлерден сақтаныңыз Read More »

Қызметтің құлы

Бақытбек БЕЛГІБАЕВ, 49 жаста. Адам өмірі үздіксіз қозғалыс­тан тұрады. Біз шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап жыбырла­ған тіршілікке араласып, ақырғы рет көзіміз жұмылғанша жай тап­паймыз. Тіпті ұйықтап жатқан сәтте де әр түрлі ойлар санамыз­ды сілкіп, түсімізде де тынымсыз әрекет етіп жүреміз. Кейде маған адамның саналы ғұмырының мәні де осы қозғалыс сияқты кө­рінеді. Біздің басқа тіршілік …

Қызметтің құлы Read More »