«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған брокерлерден сақтаныңыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күні брокерсымақтар мен жалған инвестиция тартушы делдалдар санының жылдам артып, белсенді жұмыс атқарып жатқанын байқауға болады. Алаяқтар брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асырып жатырмыз деп сендіріп, қарапайым схема бойынша азаматтардан ақша тартады, олар қолдарында қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы болмай тұра, өздерін табысқа жеткен және болашағы бар компаниялардың қызметкерлеріміз деп таныстырады.

Соңғы жылдары қаскүнемдер азаматтарды алдау үшін түрлі ком­панияларға инвестициялар тарту тақырыбын жиі қолданатын болды. Олар компаниялардың таны­мал инвестициялық жобалары­ның атаулары мен логотиптерін пайдаланады. Мысалға, “Halyk Finance”, “KAZ Minerals”, “Қазақ­мыс”, “ҚазМұнайГаз” компанияла­ры. Олар жөнінде ақпаратты әлеу­меттік желілер мен мессенд­жерлер арқылы таратады.

Алайда биржа ешқашан ин­вес­тормен тікелей байланыс жа­самайтынын есте сақтау қажет. Олардың арасында делдалдар болады – бұл қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясына ие және Қа­зақстан қор биржасының (KASE) мүшелері болып табылатын бро­керлік немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.

Инвестициялық алаяқтардың ең көп таралған схемаларын қа­растырайық.

1-схема. Алаяқтар жалған ин­вестициялық веб-сайттар жасай­ды және бағалы қағаздар мен крип­товалюталарға инвестиция салғысы келетін азаматтарды не­ғұрлым көп мөлшерде тарту мақ­сатында өздерін инвестициялық қызметті белсенді түрде жүргізіп жатқандай етіп көрсетеді. Алаяқ­тар әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді, хабарламалар таратады және белсенді жарна­малары бар жалған сайттарға сіл­темелер орналастырады. Ықти­мал құрбандардың санын көбей­ту, сондай-ақ олардың сеніміне кіру үшін алаяқтар криптобиржа­ларда жұмыс істеуге арналған те­гін тренингтер өткізеді. Олар тың­даушыларды жинайды, цифрлық активтерден қалай ақша табуға болатынын үйретеді және әлеует­ті құрбандарға ақшалай қаражат­ты сенімгерлік басқару қызметін ұсынады. Мұның қалай аяқтала­тынын болжау қиын емес.

2-схема. Бүгінгі күні көптеген ірі компаниялар қосымша инвести­циялар тарту үшін өз акцияла­рын қор нарығына орналастыруда. Алаяқтар өздерін әртүрлі ком­паниялардың қызметкерлері ре­тінде таныстырып, азаматтардың ақшасын IPO шеңберінде тартуы мүмкін. Жалған брокерлер компа­нияның танымалдылығын пайда­лана отырып, әрбір салымның ке­пілдендірілген кіріс әкелетініне сен­діреді. Оның дәлелі ретінде олар жалған инвесторлардың фейк пікірлерін жариялап оты­рады. Клиент оған сенім артып, банк шотына немесе “жеке ме­неджердің” картасына ақша ау­дарғаннан кейін, алаяқтар оларға жалған есептер мен төлем кес­тесін ұсынады, салған салымнан едәуір пайда түседі деп сендіреді.

Ақшаны алдап алудың әртүрлі әдістері бар, соның бірін клиент ком­панияның заңды қызметіне кү­мәнданғанда, олардың заңдылығын тексере бастағанда немесе өз шотынан “еңбекпен тапқан” ақша­сын алған кезде ғана байқайды, оған дейін алаяқтар өз істерін бір­неше рет қайталап үлгереді. Бұл жағдайда алаяқтар қосымша ақша талап етіп, клиентке ақшаны қайтарудан жалтарады, содан кейін клиенттің ақшасымен мүл­дем жоқ болып кетеді.

Брокерлік қызметтерді көрсе­тетін компаниялардың қызметтері “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңмен регламенттеледі. Қазақстан Республикасының заңна­масы бойынша қарапайым азамат қор биржасынан бағалы қағаздарды өз бетімен сатып алуға не­месе сатуға құқылы емес.

Азаматтар оны нарықтың кәсі­би қатысушысы – брокер арқылы ғана жасай алады. Брокердің қо­лында міндетті түрде бағалы қа­ғаздар нарығындағы қызметті жү­зеге асыруға рұқсат беретін Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігінің ли­цен­зиясы және ол биржаның тікелей қатысушысы болуға тиіс.

Қор нарығындағы инвестиция­лар әрдайым әртүрлі тәуекелдер­мен, оның ішінде нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен сабақтас келеді. Сондықтан адал брокер инвестицияны жоғалту тәуекелдері туралы ескертпей, жо­ғары табысқа уәде бермейді, со­нымен қатар жалған “Х­алықтық IPO” шеңберінде инвес­тициялардың қайтарылуына тіпті кепілдік бермейді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp