Көші-қон жағдайын бақылау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Облыс аумағында полицейлер көші-қон заңнамасы бұзушылардың жолын кесуге бағытталған “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталмыш іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, жедел уәкілдер жұмылдырылды. Сауда базарлары, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шетелдіктердің заңсыз еңбек күші пайдаланылатын басқа да орындар тексеріліп жатыр.
Петропавл қаласының маңындағы полигонда қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану үшін оны бөлумен айналысып жүрген еш рұқсат құжаттары жоқ Тәжікстан елінің жеті азаматы анықталды. Олар рұқсат құжаттарын кейін ресімдеуді жоспарлаған. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді, заң бұзушылар айыппұл төлейді.
Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақытылы ресімдеу қажет. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда.
Әсет ҚАНАФИН.