«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қырдағы дүбір қарсаңында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Amanat” партиясы облыс­тық филиалының отырысында қыр астында тұрған көктемгі да­ла жұмыстарына дайындық мә­се­лесі арнайы талқыланып, бір­қа­тар міндеттер белгіленді. Жиын­да облыстық ауыл шаруа­шы­лы­ғы және жер қатынаста­ры бас­қармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың есебі тыңдалды.

Баяндамашы биыл барлық егін алқабы 4,5 млн., оның ішін­де дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,4 млн., майлы да­қылдар 51 мың, жемшөптік да­қылдар 379 мың гектарды құ­райтынын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы әрта­раптандыру шең­­берінде жа­сымық алқабы 134,8 мың, зығыр 527,4 мың, азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнім­дермен толықтыру үшін қара­құмық 26 мың, картоп алқабы 7,7 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

Егіс танаптарына 256 мың тоннаға жуық минералды ты­ңайтқыш сіңіру белгіленген. Бұл – ел бойынша қол­даны­ла­тын қоректік заттар­дың үш­тен бі­­ріне жуық. Күзгі кезеңде 3 млн. гектар алқапта қар тоқта­тылып, басқадай ке­шенді аг­ротехни­калық шара­лар жүргі­зілді.

Дизель отынына 1446 өті­нім түсті. 53,2 мың тонна жа­нар-жағармай арзандатылған бағамен беріледі. Жа­нар­май құю стан­саларына қара­ғанда баға 15 пайызға арзан. Қазір 6 мың тоннасы сатып алынды.

Жауапты науқанды қысқа мер­зімде өткізу үшін түрлі мар­калы 12,7 мың трактор, 14 мың дән сепкіш, 1,5 мың заманауи егіс кешені жұмылдырылады. Бүгінде машина-трактор пар­кінің 91 пайызы әзір. Облыс ау­мағында 219 машина-трактор шеберханасы штаттық режім­де жұмыс істеп тұр.

Ауыл шаруашылығы құры­лымдары 484,5 мың тонна тұ­қым құйып дайындады (дәнді да­­қылдар – 434,5 мың тонна, май­лы дақылдар – 32,6 мың, жем­­шөптік дақылдар – 3 мың, кар­топ – 14,4 мың тонна). Тұ­қым зертханаларында 295,2 мың тонна тұқым тексеріліп, шы­ғым­дылығы жөнінен талапқа сай деп танылды. Бұл мақсат үшін 165 млн., 945 мың теңге бөлінді.

Жыл сайын өнімділігі жо­ға­ры тұқымдардың сорттық жа­ңару деңгейі артып келеді. Соң­ғы бес жылда көрсеткіш 1,3 па­йызға артты. 2024-2028 жыл­дарға арналған жол картасы бағдарламасына сәйкес, сорт­ты жаңарту көрсеткіші 10 па­йызға дейін жеткізіледі. Азық-түлік келісімшарт корпора­ция­сының қорлары негізінде жұм­сақ бидай қоры қалыптас­ты­рылды. Қазақстанның басқа өңірлерінен, Ресей Федера­циясынан және Еуропа елдері­нен 29,3 мың тоннадан астам тұқым әкелінді.

Саланы субсидиялауға 60,8 млрд., оның ішінде өсімдік ша­руашылығына 24 млрд. тең­ге бөлінді.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға аграрлық несие корпорациясы желісі тара­пынан 11,6 млрд.теңге қарас­тырылған.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp