«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ” ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАУ АЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“JORYQ” республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгені ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Екітараптық жүздесуде биыл V Дүниежүзілік көш­пенділер ойындары қарса­ңында өтетін “Ұлы Дала жо­рығы” бірегей марафон-бәй­гесінің республикалық ірік­теу кезеңінің өтетін орны мен басталу күні белгілі бол­ды.

Марафон-бәйгенің бас­талу нүктесі ретінде Петро­павл қаласында орналасқан “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені таңдалды. Жоба 12 мамырда баста­лып, 17 мамырда Астанада аяқ­талады. Бурабай курорт­тық аймағының көрікті жер­лерін, Ботай мен Бозоқ сияқ­ты ежелгі адамдар тұрақта­рын басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.

Үздік үштікке енген ко­мандалар қыр­күйек айына жоспарланған “Ұлы Дала жорығы” халық­аралық туры­на берілетін ли­цензияны ие­ленеді. Қазіргі таңда ай­мақ­тық іріктеу тур­лары өтуде, олардың жеңім­паздары ұлт­тық іріктеу ту­рына жол­дама алады.

Республикалық іріктеу ке­зеңіндегі ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кі­табына (KINES) енгізіледі.

“Ұлы Дала жорығы” Қам­бар ата түлігінің ең мықты тұ­қымы анықталатын дала­лық зертхана болып табы­лады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp