«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әріптестік байланыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласындағы На­зарбаев зияткерлік мектебінің ұс­таздары іссапармен Петропавл­ға келді. Мұнда мамандар жер­гілікті әріптестерімен тәжірибе алмасты. Шараның негізгі бөлігі алдында делегацияға білім ұя­сының жұмысы мен оқушылар­дың талайды таңдай қаққызған жобалары таныстырылды. Қонақтар­­ға мектепті басқару ісінде цифрлық ресурстарды пайда­лану тәсілдері ерекше ұнады.

– Бізге “Горизонталды жос­парлау” жобасы қызық болды. Оны бәріміз іске асырып жатыр­мыз. Алайда бұл мектептің жо­баны жүзеге асыру тәсілі өзге­ше. Бұл ерекшеліктерді алдағы уақытта өзіміздің мектебімізде қолдануды көздеп отырмыз, – дейді Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Ра­шид Тәттімбеков.

Білім ордасында оқушылар­ға сабақ берудің заманауи тә­сілдері кеңінен қолданылуда. Қос­танайлық меймандар 10-12 сыныптарды химия пәні бойын­ша емтиханға дайындау тәсіл­деріне қызығушылық танытты.

Петропавлдық мұғалімдер Қостанай қаласындағы Назар­баев зияткерлік мектебіне қара­ша айында барған болатын. Қос білім ошағы арасындағы әріп­тестік байланыс ары қарай жал­ғасын табады. Алдағы уақытта қос тараптың және тірек мектеп өкілдерінің қатысуымен ғы­лы-митәжірибелік конференция өткізілмек. Онда мамандар 7 ба­ғыт бойынша маңызды мәсе­ле­лерді талқылайды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp