«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бақылау қатаң

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар өңірі әлемнің 30 елі­не карантинге жатқызыла­тын өнім түрлерін экспорттай­ды.

Облыстық аумақтық инспек­ция басшысының орынбасары Марат Шакимовтың айтуынша, Ресеймен шекаралас аумақ­тар­да төрт фитосанитарлық ба­қылау бекеті орналасқан. Бұл жерлерде өсімдіктер, олардың тамыры, кесілген гүлдер мен кө­көніс, саңырауқұлақ, тағы басқа карантинге жатқызылатын өнім түрлері тексеріледі. Өткен жы­лы тиісті құжаттардың болма­уына байланысты 575 тонна жә­не 120 текше метрден астам ка­рантинге жатқызылатын өнім ел аумағына кіргізілмеген.

“Жыл өткен сайын шетел­дер­ге шығарылатын тауар түр­ле­рінің көлемін көбейтіп, сапа­сын жақсартуға ерекше ден қо­йылып келеді. Оған қатысушы кәсіпорындар санының артқа­нын да байқауға болады. Был­тыр облыс аумағынан 3 млн. 795 мың тонна карантинге жа­та­тын өнім тексеріліп, олардың 3 млн. 176 мыңы экспортқа, қал­ғаны еліміздің басқа аймақта­ры­на жіберілді. Жалпы каран­тин­ге жататын өнімдер әлемнің 30 еліне жөнелтіледі. Оның ішін­де 306 кәсіпорын әлеуетті экс­порттаушылар тізіміне енгі­зіл­ген, бұдан бөлек, 38 кәсіп­орын бидайды, қалғаны басқа дақылдарды сатады”, – дейді Марат Шакимов.

Инспекция тарапынан 18 мыңға жуық көлік тексерілген. Нә­ти­жесінде фитосанитарлық сер­тификаты жоқ 36 көлік кері қай­тарылған.

Литвадан әкелінген өнімдер ішінде батыс гүл трипсі анық­та­лып, түгелімен өртелген. Бұған дейін қызанақтан вирус табы­луы­на байланысты 1,5 тонна томаттың жойылғанын хабар­лаған едік.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp