«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дайындық қызу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Қызылжар ауда­нында су тасқынына дайындықты тексерді. Прибрежное ауылын­да­ғы орта мектепте орналасқан эва­куациялау пунктін аралады. Теп­личное ауылында инерт­ті мате­риал­дарды қаптау ба­рысын, су сору қондырғылары мен құралдар­дың дайындығын бақы­лады.
Сондай-ақ өңір басшысы Бес­көл ауылында Есіл, Мамлют, Мағжан Жұ­мабаев, Жамбыл ау­дандары мен Петропавл қаласы әкімдері­нің, жауапты басшы­лардың қа­ты­суымен жиын өткіз­ді.
– Қазір ауа райы жылынып, қар еріп жатыр. Жауапты басшы­ларға су тасқыны кезеңінде тәуе­кел­дерді барынша азайту үшін қа­жетті ша­раларды қабылдауды тап­сырдым, – деп жазды өңір басшы­сы әлеу­меттік желідегі ресми па­рақша­сында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp