«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қа­зақ­стан университетінде Қа­­зақстанның еңбек сі­ңір­­­ген қайраткері, про­фес­сор, Қазақстан Жо­ға­ры мек­тебі ұлттық ғы­лым академиясының ака­деми­гі Зарқын Тай­шыбай атын­дағы дәріс­хананың ашы­лу салта­наты өт­ті. Атал­мыш іс-шараға зия­лы қауым өкілдері, про­фес­сордың шәкірт­тері және сту­денттер қа­тысты.

Меймандар, ең алдымен, қа­лам­гердің кітаптары қойылған көр­мені тамашалады. Кейін ұла­ғатты ұстаздың өмір өткелдеріне арналған бейнефильм көрсетіл­ді. Зарқын Тайшыбай атындағы дәрісхананың лентасын универ­ситеттің басқарма төраға­сы-ректорының міндетін атқару­шы Рената Апергенова мен Қазақ­стан Жазушылар одағы облыс­тық филиалының төраға­сы, бел­гілі қаламгер Жарасбай Сүлей­менов кесті.

Ғұмырының басым бөлігін жур­налистикаға, шәкірт тәрбие­сі­не, Алаш ардақтыларының өмір­дариясын зерттеуге арнаған Зарқын Сыздықұлы – отыздан ас­там зерттеу еңбектің авторы. Ша­раға жиналғандар профес­сор­дың шығармашылығы тура­лы әсерлі сөз сабақтады.

– Зақаңның шәкірттері бүгінгі таңда өңіріміздегі журналистика саласының дамуына өз үлесте­рін қосып келеді. Зарқын Сыз­дықұлын қазақ руханиятына қыз­мет ететін азаматтардың шам­шырағы де­сек, қателеспейміз. Ел тари­хы­ның жандануына, өл­кетану ісі­нің қалыптасуына, жур­налистика ғылымының өркенде­уіне өңірімізде ғалым ағамыздан артық еңбек сіңірген қайраткер жоқтың қасы, – деген Жарасбай Сүлейменов жуырда Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған профессорға Қа­зақстан Жазу­шы­лар одағының төсбелгісін та­быс етті. Ақан сері атындағы об­лыстық филармо­ния­ның әнші­ле­рі Дәмеш Құрман­кина мен Біржан Есжан ән шыр­қап, шараның шырайын кіргізе түсті.

Меймандар профессордың “Достарымен жылы кездесуле­рі”, “Облыстағы шығармашылық бе­лестері”, “Ғылыми ынтымақ­тас­тық туралы лебіздері”, “Кітап­тары мен ғылыми еңбектері”, “Өмі­рі мен еңбек жолы”, “Мара­пат­тары мен ғылыми жетістік­те­рі” сынды тақталармен безен­дірілген дәрісхана тек лекциялар мен сабақтар өтетін кабинетке ғана емес, сонымен қатар тың идея­лар туындайтын, жаңа жо­ба­лар дүниеге келетін орынға ай­нала­ды деген оймен тарқасты.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp