«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнегелі отбасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Өне­гелі отбасы” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара хал­қымыздың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсе­те отырып, олардың бойларына патриотизм, адамгер­шілік пен еңбекқорлық ұялатады.

Қазақ халқында шаңы­рақ­­тың қадір-қасиеті айрықша. Ол аспан күмбезі, үй-жай, тірек, ба­қуаттылық пен қауіпсіздік, ұр­пақ­тар сабақтастығы мағы­насын береді. Шаңырақ – от­ба­сының бел­гісі. Сондықтан да қазақ хал­қы жас жұбайлардың отау құ­рып, ша­ңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымыз­да “Ша­­ңырақ көтеру” атты ерек­ше дәс­­түр де болған.

Орталық алаңда өткен бай­қауда отбасылар төрт аталым бойынша сынға түсті. Олар өз өнерлерін көрсетіп, Ұлыстың ұлы күніне қатысты викторина­лық сұрақтарға жауап берді. Үй­дің үлкендері кұймақ, ал бала­лар бауырсақ жеп жарысты.

Байқауда Бекмахановтар от­басы жеңіске жетті. Бұл отбасы өнер­ге жақын. Отанасы Индира­ның айтуынша, ол бұрын келін­дер сынына қатысыпты.

– Мен Петропавл қаласын­да­ғы Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ лицейде ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. Жұмыста жүр­генде өнерлі отбасы сайысы өте­тінін естіп, өтініш бердік. Бай­қау жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рылды. Мұндай шаралар от­басы мүшелерін біріктіріп, тату­лығын нығайтады, – дейді Ин­дира Бекмаханова.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp