«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА-САЛТ АДАСТЫРМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қала белсенділері “Наурыз – жаңару мерекесі” деген атаумен интерактивті викторина ұйымдастырды. Қазақ халқының дәстүрлерін көрсетуден сынға түскен талапкерлердің осалы болмады.

Жастар ең алдымен сәбиді қырқынан шығару дәстүрінің жөн-жоралғыларымен таныстырды. “Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік “өтпелі кезеңді” қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша “сүт тырнағын”, “қарын шашын” алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені “қарақұлақтанды” деп қуанып, “қырқынан шығару” тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды”, – дейді Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенті Батыр Орысбек.

Жастар зияткерлік ойын барысында ұмыт болып бара жатқан дәстүрлер туралы да айтып берді. Солардың бір түрі – жарапазан. Ол – қасиетті Рамазан айында айтылатын өлең. Яғни жастар ауызашар уақытында есік алдына шығып, қосылып ән шырқаған. Ауылдың үлкендері оларға сый-сияпат үлестірген.

Сайыста өнер көрсеткен өрендер Алғыс хатқа ие болды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp