«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 20, 2024

Селт еткізер

Наурыз мейрамын үлкен-кіші, бәрі бірдей асыға күткен. Әсіресе жастар жағы мерекеде бас қосып, көңіл көтеруді әдетке айналдырған. Үлкендер көже дайындап, қонаққа барып, бір-бірін құттықтап жатқанда қыз-жігіттер де жылдың келгенін білдіріп түрлі ойындар ойнап, рәсімдер жасаған. Қазақ жастары үшін наурызды тойлау аса абыройлы әрі қуанышты іс. Жаңа танысып, көңіл жарастырып жүрген жұптар үшін Наурыз тойы бір-бірін …

Селт еткізер Read More »

ТЫҢ ИГЕРУДІҢ ТАУҚЫМЕТІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Тың өлкесіне – 70 жыл” атты кеш өтті. Шараны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов жиналған аға буын өкілдеріне алғысын білдіріп, алғашқы тың игерушілердің еңбектері ерлікпен пара-пар болғанын атап өтті. “Қазіргі жастар” алдыңғы толқынның көрген қиындығын ертегідей қабылдауы мүмкін. Олардың қажыр-қайратқа толы өмір жолдарынан сабақ алып, еліміздің егіс …

ТЫҢ ИГЕРУДІҢ ТАУҚЫМЕТІ Read More »

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұжымы Ресей Федерациясын Липецк қаласындағы әріптестерімен телекөпір арқылы тәжірибе алмасты. Заманауи технологиялардың арқасында өткен екітараптық жүздесу барысында ресейліктер С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханаға онлайн-экскурсия жасап, “Краевед” клубының жетекшісі Юлия Пискунова өңір жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Облыстық “Қоғамдық келісім” КММ басшысының міндетін атқарушы Болат Базарбаев “Достық шаңырағы астында” тақырыбы бойынша сөз …

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Read More »

ПОГОНДЫ ӨНЕРПАЗДАР

Облыстық полиция департаменті жанындағы мәдени орталықтың вокалдық тобы облыс аудандарын аралап жүр. Погон таққан өнерпаздар Аққайың ауданының Смирново ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлерімен кездесіп, оларға ән мен жырдан шашу шашты. – Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірлеріне ізеттілік танытып, қайырымдылық жасаса нұр үстіне нұр. Наурыз мейрамына орай бірқатар ұжымға мерекелік көңіл күй сыйлауды жөн көрдік, …

ПОГОНДЫ ӨНЕРПАЗДАР Read More »

Рухани нәр

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі ұйымдастырған концерт “Наурыз көктемі” деп аталды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармония жанындағы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов арнайы шақыртылыпты. Оркестірге жетекшілік еткен ол халық назарына Құрманғазының “Қуаныш”, Дәулеткерейдің “Бапас”, Әлшекейдің “Желдірме”, Жантөренің “Шалқыма”, Махамбеттің “Ақжелең” күйлерін және …

Рухани нәр Read More »

АТА-САЛТ АДАСТЫРМАЙДЫ

Қала белсенділері “Наурыз – жаңару мерекесі” деген атаумен интерактивті викторина ұйымдастырды. Қазақ халқының дәстүрлерін көрсетуден сынға түскен талапкерлердің осалы болмады. Жастар ең алдымен сәбиді қырқынан шығару дәстүрінің жөн-жоралғыларымен таныстырды. “Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік “өтпелі кезеңді” қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. …

АТА-САЛТ АДАСТЫРМАЙДЫ Read More »

Электрондық форматқа ауыстырылды

Жер қатынастары саласы – мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі құрам­дас бөліктерінің бірі. Облысы­мыз­да өткен жылы осы салада 16 мыңнан астам мемлекеттік қыз­мет көрсетілді. 14 мыңнан ас­тамы оң шешімін тапты. Үстіміз­дегі жы­лы жер қатынастары са­ласын­дағы мемлекеттік қыз­мет­тер Қа­зақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұй­рығымен бекітілген, 2023 жыл­ғы 1 тамызда енгізілген өзгеріс­тер­мен жер қатынастары …

Электрондық форматқа ауыстырылды Read More »

Қызыр түнінің қасиеті

Қазақ халқының Наурыз­ды қарсы алудағы ежелгі на­ным-сенімі бойынша, дәл осы кеш­те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті қазақ үшін Нау­рыз түні “Қызыр түні” аталып, қа­сиетті са­нал­ған. Ал осы “Қызыр түнінде” ел ара­лай­тын Қыдыр ата­ның қазақ өміріндегі орны қан­дай? Бұл қаншалықты дұрыс? Жал­­пы адамдарға дәулет дары­тып, бақ қон­дырады дейтін ізгі се­німмен астасып жата­тын аталған әулие …

Қызыр түнінің қасиеті Read More »

Шеттегі қазақтар да тойлайды

Ұлыстың ұлы күнін шетте жүрген қазақ диаспорасының өкілдері де атап өтеді. Мәселен АҚШ-тың Флорида штатында қазақ азаматтары бұл күні отбасыларымен жиналып, кең дастарқан жайып, ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған. Менің АҚШ-та тұрып жатқа­ны­ма 2,5 жыл болды. Былтыр “Uni­versity of Florida” жоғары оқу ор­нын та­мам­дап, халықаралық биз­нес ма­гистрі атандым. Қазіргі уа­қытта мамандығым бойынша жұ­мыс істеп, тәжірибе …

Шеттегі қазақтар да тойлайды Read More »

Ізгілік нұрын шашқан

Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеле­нушілері жыл сайын Наурыз мерекесін асыға күтеді. Оның өз себебі бар. Біз мереке аясында түрлі мерекелік шараларға қатысып, концерттік бағдарламаларды тамаша­лай­мыз, дәмі тіл үйіретін бауырсақ, наурыз-көжеден, құрт, еттен ауыз тиеміз. Наурызнаманың екінші “Қа­йырымдылық” күніне орай Ға­бит Мүсірепов атындағы об­лыс­тық ба­лалар және жасөс­пірімдер кі­тапханасының қыз­мет­керлері біз­дер үшін “Көк­темгі мереке: бей­бітшілік пен жақсылық …

Ізгілік нұрын шашқан Read More »

ҰЛТТЫҚ КИІМ – СӘНІҢ

Петропавл қаласының 67 жастағы тұрғыны – этно стильдегі киім үлгілерін тігудің шебері. Көп жыл бойы ұлттық нақыштағы киім тіккен Марзия Мордвинцева зейнетке шықса да, сүйікті кәсібінен қол үзген емес. Он саусағынан өнер тамған ісмер жан қорабынан ине-жібі мен қажетті маталарын шыға­рып, татар халқының ұлттық киі­мінің ажырамас бөлігі – те­бе­тейдің түр-түрін тігеді. Оның са­ны қазір шамамен …

ҰЛТТЫҚ КИІМ – СӘНІҢ Read More »

Ғылымның діңгегі – археология

Күні кеше Атырауда өткен Ұлт­тық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев археология саласына кеңінен тоқталды. “Біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұ­рамызды сақтап, оны дәріптеуі­міз қажет”, – деген сөзі осы салада еңбек етіп жүргендердің көңілі­не қонды. Біздің ел – Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің тіке­лей мұрагері. Бұған археоло­гиялық қазба …

Ғылымның діңгегі – археология Read More »

Ұлттық буржуазия керек

Атырауда өткен Ұлттық құ­рылтайдың үшінші отырысында бірқатар өзекті мәселелер қоз­ғалды. Соның бірі кәсіпкерлікті дамытуға қатысты. Президент ұлттық буржуазияға үлкен сенім артып, шағын және орта бизнес саласының алдына елімізді ай­мақтағы ашық нарықтық эконо­микасы бар маңызды орталық­қа айналдыру міндетін қойды. Сонымен қатар кей кәсіпкер­лердің алдымен елдің емес, өзінің мәселесін айтып қалуға тырысатынын да жасырмады. Тіпті араларында бизнес-жоба­сына …

Ұлттық буржуазия керек Read More »

Жастарға жол ашық

Жастар саясаты – елдің болашағын айқындайтын басым бағыттардың бірі. Жастардың елін сүюі, жұмыс­пен қамтылуы, сапалы білім алуы, салауатты өмір салтын ұстануы – мемлекетіміздің жарқын болашағы­ның кепілі. Бұған Мемлекет басшысының қатысуымен өткен “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тақырыбындағы Ұлттық құрылтай барысында тағы бір мәрте көзіміз жетті. Елдік, ұлттық, тарихи тақырыптар мен қоғамдағы өзекті …

Жастарға жол ашық Read More »

Жергілікті футболшыларды тарту қажет

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті “Қызылжар” футбол клубының басшылығымен, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесті. Өңір басшысы клуб президенті Григорий Лорияны мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтады. – Біздің клуб жаңа маусымды бастап кетті. Команданың алдында премьер-лигада сәтті өнер көрсету міндеті тұр. Сондай-ақ клубқа жергілікті футболшыларды тартуға да көңіл бөлу керек, – деді облыс әкімі. Футболды дамыту …

Жергілікті футболшыларды тарту қажет Read More »

ӨҢІРДЕ ЕТ ӨНДІРІСІ ТӨМЕН

Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұхамбетовтің төраға­лығымен өткен облыстық әкімдік отырысында биылғы екі айдағы әлеумет­тік-экономикалық даму қоры­тындылары, бюджеттің шы­ғыс және кіріс бөлігінің атқа­рылуы қаралды. Бұл жөнінде экономика және қаржы басқармаларының басшы­лары Қуанышбек Қалижанов пен Наталья Дышканттың есептері тың­далды. Алғашқы екі айда облыстың экономикалық өсімі 109,3 пайызды құрап, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 23,5 млрд. теңгеге жеткен. Өнеркәсіпте 91,7 …

ӨҢІРДЕ ЕТ ӨНДІРІСІ ТӨМЕН Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз. Төл тарихымызға үңілетін болсақ, бабаларымыз ұлт тағдырына қатысты қадау-қадау жайттар­ды алқалы жиындарда халық бо­лып талқылап, ақылдасып, бү­кіл елді біріктіретін шешім қа­былдап отырған. Талас құрыл­тайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекетке айналды. Ордабасы, Қарақұм құрылтай­ла­ры қол бастаған батырлар­ды елді, жерді қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бі­рін­ші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. …

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫҚ МЕЙРАМ Read More »

Сарқылмас қазына

“Ата көрген – оқ жонар”, – деген рас-ау! Қазақтың ұлт­тық тұрмыстық қолөнер бұйымдарын жасау, бір жағынан наси­хаттау бағытындағы үзіліссіз ең­бек жолыма үңілсем, көз алды­ма атам елестейді. Ол кісінің ар­қасында кенжелеп қалған қол­өнермен түбегейлі айналысып, кәнігі, кәсіпқой маман болып қа­лыптастым. Атам тері илейтін, қамшы өретін, жылқының жалы мен құйрығынан арқан есетін. Әдемілеп безендірген жүген, ноқта, доға …

Сарқылмас қазына Read More »

Ата кәсіп – балаға мұра

Қазақ – ықылым заманнан бері сән-салтанатпен өмір сүр­ген халық. Алайда құс қанатына байланған заман ағымы, дәуір талғамы, солақай саясаттың салдарынан кейбір әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз қазір өзге түгілі өзімізге таңсық. Қазіргі буын қоржын, аткежім, текемет дегеннің не екенін біле бер­мейді. Ал білетіндердің ол жай­лы айтып, насихаттап жатқаны шамалы. Ел болып еңсемізді көтергелі бері өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, …

Ата кәсіп – балаға мұра Read More »

Наурыз келді!

Наурыз келдi! Қара жер семiрiп Бөгiп жатыр. Төрт түлiк малым Даламның Көлдей етегiн толтырып Төлдерiн төгiп жатыр. Өрiсiм у-шу болып Көңiлiмдi қозғап тұр. Қошақандарым Сыбызғыдай ән салып, Құлыншақтарым Күмiс қоңыраудай жар салып, Ботақандарым Иiр мойынды қобыздай Боздап тұр. Көкпеңбек мұздары Тасқа түскен шыныдай Шатырлап сынып жатыр. Жап-жасыл көктерi Жердi көктеген инедей Жапырлап шығып жатыр. Алған …

Наурыз келді! Read More »