«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ашық банкинг тиімді ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отандық қаржы жүйесінің цифрлануы нәтижесінде көп өтпей кез келген тұтынушы смарт-фонындағы бір банк қо­сым­шасы арқылы бірнеше банк­тегі қаржылық жағдайын бақылап отыруға қол жеткізеді. Яғни банк­тің мобильді қосымшасымен жеке каби­нетке кіріп, бірнеше шот­ты бас­қаруға және тұрақты тө­лем мен ауда­рым­дарды жүргізу­ге, қаржылық есеп­тілікті оңтай­лан­дыруға, өзінің кірісі мен шы­ғы­сын талдауға мүмкіндігі бар.

Мұндай бастама Ұлттық банк­тің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агент­тігімен және Бәсе­келестікті қор­ғау және дамыту агенттігімен бірлес­іп, “Open API” және “Open Banking”-ті дамы­ту­дың 2023-2025 жылдарға арнал­ған жобасы аясында іске асыры­лып отыр. Әлемнің елу шақты елінде қолданылып келе жатқан “Open Banking” (ашық банктік қыз­мет­тер) – жүйесі ақпарат алмасу­дың жаһанда та­нылған хаттама­сы бо­лып саналатын “Open API” техно­логиясына негізделген. Әр­бір банк осы бағдарламалық ин­тер­фейсті өз бетінше жасайды. Бі­рақ Ұлттық банк рет­теуші опе­ра­тор ретінде стандарттарды бе­ріп отырады. “Open API” – банк пен үшін­ші тарап ұйымдары ара­сын­дағы өзара іс-қимылды білді­ріп, насихаттайтын интег­ра­ция­лық бай­ланыс түрі.

“API” технологиясы арқылы құ­рылған ашық деректердің интер­нет-платформасы қаржы компа­ния­ларына инновациялық өнім мен қызметті, мәселен, қаржы­лық әдет­терді талдау сервисін және клиенттің жеке ақпараты­мен жұмыс істейтін кез келген бас­қа қосымшаларды ұсына алады. Екін­ші деңгейлі банк бөлімшеле­рінде транз­акциялар бойынша үзінді көшірмелерді, визалық ор­талыққа ұсыну үшін басып шыға­руды қажет етпейді. Банктерден ашық “API” арқылы ақпарат бе­руді және үшінші тараптармен қауіпсіз деректер алмасуды қам­тамасыз етуді талап етеді. Жал­пы алғанда, ашық банкингтің кө­ме­гімен клиент өзінің қаржылық де­ректерін икемді басқара оты­рып, белгілі бір қаржылық ұйым­нан шоты, транзакциясы, теңге­рімі, теңгерім қалдығы туралы ақ­па­рат алады.

Мәселен, клиент үшінші та­рапқа өзінің шоты туралы ақпа­ратты көруге рұқсат берген кезде, бір мобильді қосымша ар­қылы барлық банктік шоттарды, тран­закцияларды, ақша қозғалы­сын көруге, басқаруға, жеке қар­жы­лық талдама жасауына мүм­кіндігі бар. Бұл келісім цифрлы түрде жүзеге асы­ры­лады. Клиент­тің қар­жысына емес, тек шот туралы ақпаратқа қол жеткі­зуге бола­ды. Мұнда аутентифи­кацияның, сәй­кес­тендірудің, ақ­па­раттық қауіп­сіздік стан­дарт­та­рының, қатысу­шыларға, мобильді қосым­шаның өзіне, яғни қа­тысушының инфра­құрылымына басқа да талаптардың дұрыс құ­рылған әдістері қам­тылып, бәрі де толықтай реттеу­ші енгізу­лермен шешіледі.

“Клиенттің ағымдағы шот­тары туралы ақпарат алмасу” бойынша қанатқақты жоба 2023 жылғы 1 қараша­да іске қосылған болатын. Оған екінші дең­гей­лі банктер мен 128 адамнан тұра­тын шектеу­лі фокус-топ (жобаға қатысушы банк клиент­тері) қа­тысты. Ашық банкингті іске асы­руда алдымен клиенттің шоты, шоттағы қалдық және транзакция туралы ақпарат беріле бастай­ды. Әзірге қатысушылар саны шек­теулі болғанымен, 2025 жылдың соңына қарай толығымен көшу жоспарланып отыр. Жобаны қолдайтындар да, күмәнмен қарайтындар да бар”, – дейді экономист Арман Байғанов.

“Қазақстанда “Open API” және “Open Banking” жүйесін дамыту тұтынушыларға да, қаржы ұйым­дарына да тиімді. Өйткені қазір барлығы онлайн атқарылады. Кей­бір нотариаттық мәселелерді де ЭЦҚ ар­қы­лы үйде отырып жү­зеге асыруға болады. Дегенмен ашық банкинг көптеген қар­жы ұйымын өз қызметкерлерінің са­нын қысқартуға мәжбүрлейді. Егер бәрі цифр­ландырылса, неге олар кеңсе мен қызмет­керлерді ұстап отыруы керек? Бұ­дан тұты­нушының өзі де пайда көреді, пайыздық мөлшерлеме­лер де төмендейді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp