«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастарға жол ашық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар саясаты – елдің болашағын айқындайтын басым бағыттардың бірі. Жастардың елін сүюі, жұмыс­пен қамтылуы, сапалы білім алуы, салауатты өмір салтын ұстануы – мемлекетіміздің жарқын болашағы­ның кепілі. Бұған Мемлекет басшысының қатысуымен өткен “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тақырыбындағы Ұлттық құрылтай барысында тағы бір мәрте көзіміз жетті. Елдік, ұлттық, тарихи тақырыптар мен қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде сөз сөй­леген ел Президенті қазіргі жастар туралы да ой қозғады.

Мен Қасым-Жомарт Тоқаев­тың: “Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкі­регі ояу, ойы ұшқыр, білімді жас­тар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қа­жет”, – деген ұстанымымен келі­се­мін. Жастарымыз түрлі ба­ғыт­та дамып, қоғам өмірінің әр саласына белсенді қатынасуы керек. Кейінгі буын өкілдерінің жұмысынсыз ел өмірін елестету қиын. Сондықтан да жастардың белсенділігін арттырып, оларға жол ашу маңызды. Ал еңбекқор, ізденімпаз, білімді ұл-қыздарымыз көп болуы үшін оларды жаңа заманның қауіп қатерлерінен сақтай білуіміз керек. Сондай қауіптердің бірі – есірткі мен вейп­терден төніп отыр. Мемлекет бас­шысы өз сөзінде осындай зиянды заттарға шектеу қойып, салауатты өмір салтын наси­хат­тау туралы баса айтты. Бұл жастар арасында есірткіге қа­тысты қылмыс оқиғалары жүз­деп саналатын біздің өңіріміз үшін маңызды. Кәмелетке толма­са да темекі тартып, ішім­дік пен есірткінің арбауына түс­кен оқушылар мен студенттер қаншама. Жастар үшін есірткіге тәуелділік қаншалықты қауіпті болса, құмар ойындар да соншалықты қатерлі.

Бүгінде әлем сәт сайын өзгеріп, жаңа кедергілер пайда болуда. Біз бұл кедергілерді тек кемел білім, терең тәрбие, асыл құндылықтардың күшімен ғана жеңе аламыз. Жастарымыз қа­зіргідей өзгермелі әлемде көш­ке ілесіп, алға баса алмаса, арт­та қалуымыз ғажап емес. Пре­зидентіміздің көп алдында осы мәселелерді ашық көтеріп, на­зар аударып отырғаны оның жастар болашағына алаңдау­шылығын көрсетеді. Кейінгі буын өкілдерінің түйткілдерімен тек жастар ұйымдары мен қоғам белсенділері ғана емес, билік өкілдерінің де айналысып жатқаны құптарлық іс. Алдағы уақытта біз де өз жұмысымыз­ды Ұлттық құрылтайда қойыл­ған міндеттерді жүзеге асыруға, жастарды қауіп-қатерден сақ­тауға, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыттайтын боламыз.

Дамир АБДИН,

Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp