«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОГОНДЫ ӨНЕРПАЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті жанындағы мәдени орталықтың вокалдық тобы облыс аудандарын аралап жүр. Погон таққан өнерпаздар Аққайың ауданының Смирново ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлерімен кездесіп, оларға ән мен жырдан шашу шашты.

– Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірлеріне ізеттілік танытып, қайырымдылық жасаса нұр үстіне нұр. Наурыз мейрамына орай бірқатар ұжымға мерекелік көңіл күй сыйлауды жөн көрдік, – дейді департамент бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Полицейлер Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен жүздесіп, олармен бірге ән айтып, би биледі.

“QyzyIjarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp