«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҢ ИГЕРУДІҢ ТАУҚЫМЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Тың өлкесіне – 70 жыл” атты кеш өтті. Шараны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов жиналған аға буын өкілдеріне алғысын білдіріп, алғашқы тың игерушілердің еңбектері ерлікпен пара-пар болғанын атап өтті.

“Қазіргі жастар” алдыңғы толқынның көрген қиындығын ертегідей қабылдауы мүмкін. Олардың қажыр-қайратқа толы өмір жолдарынан сабақ алып, еліміздің егіс алқабын гүлдендіруге, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға атсалысу маңызды”, – деді ол.

Шара барысында көпшілік назарына “Алғашқы тың игеруші жерлестер” атты деректі фильм ұсынылды. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аслан Нехай өз естелігімен бөлісіп, кеше мен бүгінді сабақтастыра сөз сөйледі.

Ескендір Есмақұлының айтуынша, 1941-1945 жылдары болған сұрапыл соғыстан кейін елдің экономикасын көтеріп, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету керек болды. Тың игеру жылдары 25 миллион гектар жер игеріліп, Солтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімде 1 миллион 300 мың гектардан астам жер жыртылды. 1956 жылы қамбаға 85 миллион пұт астық құйылды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан қамбасы астыққа толған республикалардың біріне айналып, одақта 2-орынға шықты. “Жүздеген кеңшар құрылып, экономиканың басқа да салалары дами бастады. Халық наннан тапшылық көрген жоқ. Сондықтан да тың игеру кезеңі қазақ халқын аштықтан аман алып қалды, біз бұл тарихи кезеңді естен шығармауымыз керек”, – дейді Ескендір Елеусізов.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp