«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызыр түнінің қасиеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ халқының Наурыз­ды қарсы алудағы ежелгі на­ным-сенімі бойынша, дәл осы кеш­те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті қазақ үшін Нау­рыз түні “Қызыр түні” аталып, қа­сиетті са­нал­ған. Ал осы “Қызыр түнінде” ел ара­лай­тын Қыдыр ата­ның қазақ өміріндегі орны қан­дай? Бұл қаншалықты дұрыс? Жал­­пы адамдарға дәулет дары­тып, бақ қон­дырады дейтін ізгі се­німмен астасып жата­тын аталған әулие бейнесі қазақ өмі­ріне қайдан келді? Қыдыр ата аңыз ба әлде ақиқат па?..

Этнографтардың пікірінше, Қыдыр – ел аралайтын адам бей­несіндегі “әулие”, адамдар­ға қам­қоршы, “дәулет” беруші екен. Ес­кі наным бойынша, әр­бір нәрсе­нің иесі болады-мыс. Мысалы, олар – түрлі адам, аң-құс, жәндік бей­несінде ел кезіп жүреді де­ген­дей сенімнен туған “құт”, “дәу­лет”, “ырыс” ұғымда­ры. Сондай наным тудырған кейіпкердің бірі – осы Қыдыр ата – бүкіл халық­тың қам­қоры, олар­ға жақсылық жасау­шы, ырыс, құт, несібе әке­луші, ба­қыт, береке, өмір сый­лау­шы қа­сиет иесі, кемеңгер, әу­лие, көріп­кел. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр шаңыраққа соғады.

Міне, сондықтан әр үй Қы­дыр атаның жолын күтіп, өзде­рі­нің жа­нын да, тәнін де, киер киім, ыды­сы мен бұйымдарын да таза ұс­тау­ға тырысады. Үй­дің іші-сыр­тын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, көшет отырғызып, өсім­­дікке су құяды. “Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман бола­ды” деп сеніп, Наурыз­ға дейін үй ішіндегі мүлік, жиһаз­дардың шаңын сүртіп, жуып, тө­сек-орынды, киім-кешекті сырт­қа шы­ға­рып қағып-сілкіп, бәрін де тазартып қоятын болған. Бұ­рын­­дары қазақтар Қызыр түні Жа­ңа жыл табалдырықтан ат­тап, үй­ге енгенінде оның іші жап-жарық болып тұрсын деп, төрге қос шы­рақты жағып қоя­тын. Жұрт мұн­дай үйге Қыдыр ата тү­неп не­месе бата беріп ке­те­ді деп тү­сінген. “Қыдыр қон­ған”, “Қыдыр дарыған” деген сөз­дер осындай игі сенімнен шықса керек.

Кітап деректеріне сүйене оты­рып, Қызыр сөзін қазақшаға ау­дар­сақ, “жасыл адам” деген ма­ғына береді екен. Яғни “Ха­дар” – арабша жасыл деген сөз. Ал “Хад­­рауат” – жасыл кө­көністер де­геннің бала­масы. Наурыз түні ел кезіп жүретін әу­лиенің Қыдыр деп аталуы­на бұдан өзге де бір­неше дәйек­те­ме­ бар. Атап айтар болсақ, егер Қыдыр ата бір жерге отырып, кейін ол жерден тұрып кеткен­де, әлгі отырған жері жап-жа­сыл болып қалады делінсе, бір деректерде ол кісі жасыл киім киіп жүруі се­бепті де жасыл адам, яғни Қыдыр деп ата­лып кет­кен екен деген болжамдар ай­тылады. Ал бұған белгілі эт­но­граф-жазушы, ғалым Ақсе­леу Сей­дімбек өзінің “Қазақ әле­мі” атты еңбегінің 228-бетінде бы­лай деп түсінік береді: “Ба­йырғы салт-жора бойынша қа­зақ ара­сында Ұлыс тойы түн ор­тасы ауа бас­талады. Бұл түн – “Қызыр тү­ні” деп аталады. Ха­лықтың на­ным-сенімінде Қы­зыр (Қыдыр) қа­сы-көзін жапқан қарт адам болса керек. Қызыр атаны Бақ жетелеп жүреді екен дейді. Ұлыс тойының таңын кө­зімен атыруы үшін Қы­зыр ата түн ортасы ауа дала ке­зе­ді. Қы­зыр түнін ұйықтамай өт­керу үшін ауыл жастары алуан түр­лі ойын ұйымдастырып, “Қы­зыр назарын аударып бақытты бо­ламыз”, – деп небір тосын та­маша-қызықтар көрсетеді…”.

Зерттеушілердің айтуын­ша, күн сәулесі Жер шарының шығыс бөлігінен таң себезгілеп атқан кезде Жаңа жыл туады. Сол себепті қазақ халқы Ұлыс­тың ұлы күні – Наурызды, Жыл басын наурыз­дың 22-сі күні таңертең қарсы алады. Яғни Жа­ңа жыл­ды ұйықтамай ақ ті­лек, ақ ниет­пен қарсы алу үшін қызық ду­ман құрып, арнайы салт-дәстүрлерді орындап, жыл басын қарсы алу­ға ерекше дәм әзірлеп, айрықша дайын­далған. Ғалым­дар Г.Се­лез­нев пен А.Селез­не­ва­лар­дың па­йым­дағанындай, Қызыр ата жиынтық бейне ре­тінде көрсе­ті­леді. Ол антропо­морфтық түр­дегі бейне тү­рінде түйе жетек­теген аппақ киімдегі әулие бол­ған деп суреттейді.

Ал Орталық Азияда Қыдыр ата жер өңдеу, егін­шілікпен ты­ғыз байланыста болған деген де­ректер де келтіріледі. Яғни, егіс­тік алқабын қо­лымен аялап, бар мейірін төксе, сол жылы өнім мол болады деген сенім қа­лып­тас­қан. Кейбір деректерде Қызыр жан-жануарлардың да жебеушісі ретінде ғұмыр кешеді деген на­ным бар. Егер адам ұлыс күні ап­пақ мысық, бол­маса аппақ итті көр­се, ол да Қы­зыр атадан кел­ген шапа­ғат, нұр деп қабыл­дан­ған.

Енді ауыз әдебиетіне келе­тін болсақ, халық ертегі, жыр-дастандарында және жалпы­мұ­сылмандық ұғымда Қыдыр ата бей­несі деректі де, дерексіз де, яғни ақи­қаттық та, аңыздық та бейнеде келе береді. Деректі кейпінде желмаясын жетек­теген жиһанкез, абыз ақсақал, халыққа дұрыс жол нұсқаушы ке­меңгер қария кей­пінде көрін­се, дерексіз кейіпте әулие, жо­ға­­ры­дан аян бе­руші, жақсылық­пен жа­рыл­­қаушы болып сурет­теледі. Мәселен, “Ал­па­мыс ба­тыр” жырындағы Шаш­ты Әзиз­­дің образы да осы Қыдыр ата­ның фе­­номені деген болжам­дар бар. Яғни, Қыдыр ата – жақ­сылықтың нұсқаушысы ре­­тін­дегі символикалық бейне. Сон­дық­тан жо­ғары­да ғалымдар та­рапы­нан айтылған пікір­лерден түйері­міз – Қыдыр ұғымының ас­тарын­да исламға дейінгі мифтік бей­нелермен астасып жатқан әлі де құпиясы ашылмаған күр­делі об­раз жасырынып жатыр.

Орайы келгенде айта кетер­лік және бір жайт – көпшілік қа­уым арасында “Қыдыр ата” мен “Қадыр түнін” шатас­­­ты­рып жа­тады. Алай­да деректік тұрғы­дан зерделе­генде, Қыдыр ата мен Қадыр түні екеуі екі бө­лек нәрсе. Қыдыр түні Наурыз айын­­да туса, қасиетті Рамазан айының соңғы он тақ түндерінің бірі – Қадыр түні деп ата­лады. Қадыр түні көбінесе қасиетті ай­дың 27-ші түніне сәй­кес келеді. Сон­дық­­­тан бұл түнде Қы­дыр ата келеді де­ге­­ні­­міз негіз­сіз пі­кір. Қасиетті Құ­ран Кә­рімдегі: “Негізінде Құранды Қа­дыр тү­нінде түсірдік. (Мұхаммед с.а.с.) Қадыр түнінің не екенін бі­лесің бе? Қадыр түні мың айдан қайырлы. Пе­ріш­­телер мен Жә­бі­­рейіл періште ол кеште Раб­бы­ларының рұқсаты бойынша бар­лық іс үшін (Жер бетіне) түседі. Ол бей­біт­шілік кеші таң рауан­дағанға дейін жалғаса­ды”, – деген аяттар Ра­ма­зан айы­ның тақ жұлдызында туа­тын қасиетті түнде Қыдыр ата­ның емес, періштелердің тү­се­тіндігі осы ойымызға дәлел бола алады.

Назерке ЖҰМАБАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp