ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ЖЫРЛАР
Қазақ ауыз әдебиетінің көркін келтірген эпикалық – батырлар жыры, ғашықтар жыры, тарихи дастандар, қиссалар – қанша уақыт өтсе де өзінің рухани мәнділігін жоғалтпайтын, ұлттық әдебиеттің қалыптасуына, орасан зор ықпалын тигізген құндылықтар. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Бозжігіт”, “Еңлік-Кебек”, “Айсары-Шорман” сияқты қисса-жырлар шыққан жеріне, ортасына, уақытына қарамастан қазақ даласының әр түкпірінде басқа да жыр-қиссалардың өмірге келуіне …