«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Батаменен ел көгерер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүр­лерінің бірі – бата беру. Сөздің құ­діретін білген халқымыз бата арқылы ақ ниетін, ізгі тілегін жеткіз­ген.

“Батаменен ел көгерер” де­ген нақыл сөз содан қалған. Бү­гінгі қо­ғамға батаның мәнін ұғындыру мақсатында Тайын­ша ауданының ор­та­лығында “Ақ бата” сайысы ұйым­дас­тырылды. Рамазан айында “Ислам және дәстүр құндылы­ғы” аясында өткен байқауға діни ілімнен хабары бар, салт-дәстүрге жетік он ақсақал қа­тысты.

Қазылар алқасы ақсақал­дардың бата беру шеберлігін, шешендік өнерлерін назарға алды. Осы та­лап үдесінен шық­қан Мұхамметға­ли Есенбай бі­рінші орынға лайық деп таныл­ды. Екінші және үшінші орын­ды Сәлімжан Бимағамбетов пен Кенжеғара Молдағали иеленді. Жүлдегерлер арнайы Алғыс хаттармен марапатта­лып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

– Мұндай жарыс ауданда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Қасиетті Рамазан айында ақсақалдардың бі­лімдерін саралап, өнерлерін бағаладық, – дейді Тайынша аудандық мешітінің бас имамы Зиятбек Ахметұлы.

Сайыстан соң қатысушыларға ауызашар дастарқаны жайылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp