«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Біліктіліктерін арттырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институ­тында мал дәрігерлеріне ар­налған семинар өтті. Бұл шараның мақсаты – ветеринар­ларға сырттан әкелінген асыл тұқымды малдарды күтіп-бағуды үйрету.

Облыстық ветеринария басқар­масының басшысы Жанат Әміржа­новтың айтуынша, сырттан әкелін­ген асыл тұқымды малдардың ауруы да, оның алдын алу әдістері де өзгеше. Сол себепті Астанадан про­фессорларды арнайы шақыртып, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру көзделген.

Семинарға өңірдің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық мал дәрігері қа­тысты. Оларға теориялық дәріс бе­рушілердің бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті “Ветеринарлық меди­цина” факультетінің профессоры Алтай Үсенбаев.

– Бұл өңірде мал шаруашылығы, оның ішінде сауынды технология­лар жақсы дамып келеді. Фермалар қарқынды түрде салынып жатыр. Мамандардың мұң-мұқтажын білу үшін ты­ғыз байланыс орнатқан жөн, – деді Алтай Үсенбаев.

Жалпы семинар екі күнге созыл­ды. Алғашқы күні қатысушылар тео­рия­лық білімдерін толықтырса, келе­сі күні шаруа қожалықтарына ба­рып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp