«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 29, 2024

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ

Халықаралық театр күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Көрермен назарына “Сараң” спектаклі ұсынылып, үздік деп танылған мамандар марапатталды. Облыстық кәсіподақтар ор­та­лығының төрағасы Ерік Нұрақаев пен мәдениет, спорт, ту­ризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлнәр Қасымова өнер иелерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, театр – халықтың жаны, рухани айнасы екенін айтты. Өнер …

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ Read More »

Қараңғыдағы қойылым

Облыстық қуыршақ театрында “Степной нок­тюрн или между закатом и рассветом” атты қойылым сахналанды. Туындының ав­торы – ресейлік режиссер Ев­гений Ибрагимов. Қойылымды қазақ халқының тарихына жасалған қызықты саяхат деуге болады. Қараңғы зал. Қасқырдың дауы­сы, құстардың сайрағаны, шы­бын-шіркейдің сыбдыры, ат тұя­ғының дүбірі естіледі. Актер Нұрсұлтан Қалқабекке сахнадағы қараңғылық біраз қиындық тудырған. – Әртіске қараңғыда ойнау оңай емес. …

Қараңғыдағы қойылым Read More »

Достық мерекесі

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті агротехнологиялық факульте­тінің студенттері мен Ұлттық ұлан академиясының курсант­тары арасында “Наурыз – дос­тық мерекесі” атты байқау өтті. Қатысушылар 5 командаға бө­лінді. Сайыс барысында әр топ қа­зақ, армян, өзбек, қытай, орыс ұлттарының мәдениетін, әдеп-ғұрпын таныстырып, ұлттық тағамдарын әзірледі. Білім алушылар әр ұлттың тамағын жоғары оқу орнының азық-түлік технологиясы зертханасының базасында алдын ала …

Достық мерекесі Read More »

Біліктіліктерін арттырды

Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институ­тында мал дәрігерлеріне ар­налған семинар өтті. Бұл шараның мақсаты – ветеринар­ларға сырттан әкелінген асыл тұқымды малдарды күтіп-бағуды үйрету. Облыстық ветеринария басқар­масының басшысы Жанат Әміржа­новтың айтуынша, сырттан әкелін­ген асыл тұқымды малдардың ауруы да, оның алдын алу әдістері де өзгеше. Сол себепті Астанадан про­фессорларды арнайы шақыртып, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру …

Біліктіліктерін арттырды Read More »

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ

Петропавлда еріген қар суы жеке тұрғын үйлерге кіріп жатыр. 28-29 наурызда “109” бірыңғай байланыс орталығына көмек сұ­раған тұрғындардан 119 хабар­ла­ма түскен. Үйлеріне су кірген тұрғындар бейнежазбаларды әлеуметтік же­ліге жүктеуде. Мәселен Петро­павлдағы Перминов көшесіндегі баспанаға су екі сағат ішінде кір­ген. Пугачев көшесіндегі үй тұрғындары “су сорғыш машинаны 5 сағаттан арттық күттік” дейді. Татьяна Чыбикина Жұмысшы кентінде …

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ Read More »

Алаяққа алданбау – өз қолыңызда

Кез келген танымал интер­нет-сайттарда алаяқтардың “жасырынып жүретіні” айтпаса да түсінікті. Олардың көздеген басты нысаны – жеке пайда­ла­нушылармен қатар тұтас ком­панияларға алдау схемаларын ұсына отырып, өзгенің маңдай тер, табын ақысымен тапқан қаржысын жымқырып кету. Ин­тернет-алаңдар (“Telegram”, “Whatsap” және т.б.) тек мес­сенджер ретінде ғана емес, со­нымен қатар әр­түрлі жұ­мыс тапсырмалары үшін де пай­да­ланылатыны белгілі. Ол үшін алаяқтар …

Алаяққа алданбау – өз қолыңызда Read More »

Кәсіпкер құқығын қорғау

“Әкімшілік қалау: қолдану теориясы мен практикасы” тақырыбы бойынша өткен “дөңгелек үстелге” облыстық соттың судьялары, шағын және орта бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен заңгерлер қатысты. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы Инесса Қуанова іс-шара Жоғарғы Сот пен “Атамекен” ҰКП-ның қолдауымен ұйымдастырылып отырғанын, өзекті тақырыпты талқылау барысында нақты проблемаларға баса назар аударылатынын …

Кәсіпкер құқығын қорғау Read More »

Бюджет қаражатын желге ұшырған

Өңір прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласында қадағалауды күшейтті. Мамандар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда. Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуда қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд. теңгенің 11 заңсыз конкурсы жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметтің беделін түсірген үш адам жұмыстан босатылып, үшеуіне қызметке толық сәйкес еместігі …

Бюджет қаражатын желге ұшырған Read More »

Жекпе-жек — батылдардың спорты

Соңғы жылдары елімізде аралас жекпе-жек спорты қанатын кеңге жайып келеді. Сөзімізге отандық файтерлердің халықаралық аренада атой салып, “М-1” және “UFC” сынды турнирлерде жеңіске жетулері дәлел. Петропавлдағы “Қызылжар” спорт клубының бапкерлері отандасымыз Шавкат Рахмонов сияқты атақты спортшы тәрбиелеу үшін барын салып жұмыс істеуде. Клубтың басшысы әрі бапкері Жалғас Тортуловпен сұхбатта осы және өзге де жайттар туралы …

Жекпе-жек — батылдардың спорты Read More »