«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бөгеттер нығайтылуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданы бойынша  су тасқынының алдын алу жайын тексеріп, Ущев көшесі бойындағы, Былғары зауыты және Заречный  кенттеріндегі, сондай-ақ Тепличное мен Прибрежное  ауылдарындағы бөгеттерді бақылады.

«Су  тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Қазіргі уақытта бөгеттерді  нығайту жұмыстары жүргізілуде. Осы салаға жауапты мамандар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын күшейтулері қажет. Эвакуациялау пункттері толық дайын», – деді Ғауез Торсанұлы.             

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел ақпараттарына қарағанда, өңірде 31 жол учаскесін су басып, Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Мұнда тасқын су Келлеровка, Ясная поляна ауылдарына қауіп төндіріп тұр.

Тайынша қаласы маңындағы сорғы станциясын су басу қаупі орын алғандықтан,  мамандар жолды бұзып, қарғын суды өткізуге мәжбүр болған. Қазір ол жолмен қатынау мүмкін емес. Литовочное ауылының маңында  жолды бұзып тастауға тура келген.

Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңындағы республикалық жолдың үстімен қызыл су жүріп өткен. Бұл жағдай тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіріп отырған жоқ.

Ақерке  ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp