«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбекке ерте жастан баулу керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында  білім беру жүйесіндегі өзекті тақырып – оқушыларды еңбекке балу мәселесі талқыланды.

Алғашқы болып баяндама жасаған  қоғамдық кеңес мүшесі Гүлбақша Мұсабаеваөңірімізде   жалқау балалардың саны артып келе жатқанын  айтты.  Жеткіншектердің дені бар уақыттарын телефондағы әлеуметтік желілерде өткізетіндіктен, олардың ел экономикасына пайда әкелетін мамандықтарға қызығушылықтары жоғалған. Олардың көбі  блогер, таргетолог болуды армандап, оңай және тез ақша табудың жолдарын іздейді.

– Еңбек кодексінің 31-бабына  сәйкес,  он төрт жастан бастап балаларға қосымша жұмыс істеуге рұқсат етіледі.  Оларға ұсынылатын жұмыстардың денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын  болуы шарт.  Қазір біздің қоғамда өскелең ұрпақты еңбекке баулу мәселесі өткір тұр. Балаларын сенбіліктерге, аулаларды, мектептерді тазалау жұмыстарына  қатыстырмайтын ата-аналар бар.  Еңбек етуге құштар баланың  жаман болмайтынын ата-аналар түсінулері керек, – деді  Гүлбақша Мұсабаева.

«Бескөл мектеп-колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры Алмас Нұркеевбалалардың еңбек дағдыларын қалыптастыруда отбасының үлкен рөл атқаратынын тілге тиек етті. Оның пікірінше, еңбек тәрбиесі – баланың шығармашыққа ұмтылысы  мен практикалық ойлауын дамытады. Жасөспірімдердің оқу және қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жағдайында еңбекке баулудың, тәрбиелеудің және кәсіптік бағдарлаудың тиімділігі артады. Осы орайда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі өте маңызды.

Мекеме директоры осы ретте өзі басқарып отырған мектеп-колледждегі еңбек тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша,  білім мекемесі “Радуга” компаниясымен әлеуметтік серіктестік  орнатқан.   Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында олардың  кәсіпорындарға барып, тәжірибеден өту жұмыстары ұйымдастырылады және оқушылар “кәсіптік ресурс” жобасына қатысады.

Жиын  соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, балаларды еңбекке тәрбиелеуде мектеп пен ата-ана ұйымшылдықпен жұмыстар атқару керек деген мәмілеге келді.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltústіk Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp