«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге су тасқыны қаупі төніп тұрған елді мекендерді аралады.

Қызылжар ауданындағы  Тепличное, Прибрежное  ауылдарының, Петропавл қаласындағы Былғары зауыты кентінде, Ущев көшесінде  орналасқан  бөгеттердің, «Қызылжар Су» ЖШС-нің 1-ші және 2-ші сорғы станцияларының инженерлік-инфрақұрылымдық жай-күйімен танысты. Тексеру барысында Үкімет басшысының орынбасары  су тасқыны кезеңінің күрделі жағдайын жете ескере отырып,  қолданыстағы бөгеттерді нығайтудың, ұлғайту жұмыстарын кеңейтудің, арнайы техникалармен және  топырақ толтырылған қапшықтармен қамтамасыз етудің  маңызын атап өтті. Мердігер компанияларға ұйымдастыру шараларын күшейтуге,  облыс тұрғындарына тіршілік нәрін  жеткізуші бірден-бір стратегиялық нысан – «Қызылжар Су»  серіктестігін қорғауға тапсырма берді.   

«Уақыт өте  тығыз, сондықтан уақытпен санаспай белсенді жұмыс атқару қажет. Жүк машианалары мен басқа да технкалардың жеткіліксіздігі байқалады. Сондықтан олардың санын екі есеге дейін көбейту керек. Ағымдағы жағдайларға жауап беретін мобильді топтар құру қажет», – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары .

Құрылыс, жол-құрылысы компаниялары басшыларымен өткен  жедел кеңесте  су тасқынына қарсы шараларды күшейту, қарғын суды еңсеру жолдары талқыланды.

«Су басу қаупі бар аймақтарды аралау барысында жедел шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер анықталды.  Бұл, ең алдымен, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін техника санын көбейту және бөгеттерді күшейту, инфрақұрылымды және елді мекендерді қорғау. Үлкен судың келуіне шамалы ғана  уақыт  қалды. Сергеев су қоймасына судың жиналуы рекордтық көрсеткішке жетпек 2017 жылға қарағанда әлдеқайда көп.  Сондықтан барлық күш пен ресурсты осы мәселелерді кешенді түрде шешуге бағыттау қажет.  Бұдан бөлек, жол-құрылысы компаниялары учаскелердегі жұмысты уақытша тоқтатып, су тасқынына қарсы іс-шараларға айрықша басымдық беру қажет», — деді Роман Скляр.

Күрделі  жағдай 13 ауданның 8-де тіркелген, 262 елді мекенде су басу қаупі сақталып отыр. Облыс жолдарын судың шайып кетуінің  48  фактісі тіркелген. 155 шақырым арық тазартылып, 96,6 шақырым канал кеңейтіліп, тереңдетілген, топырақ толтырылған 55 мың қап дайындалып, 23 мыңы төселген. 540 адам мен 233 техника жұмылдырылған.

«Облыстағы  жауапты органдар су тасқынына дайындықты тәулік бойы жүргізіп жатыр.  Еріген судың жиналуын бақылауда ұстау өте маңызды. Су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының аяғында болады деп күтілуде.  Тасқыннан зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек берілетінін Президент қадап айтты»,- – деген Үкімет басшысының орынбасары өңір басшылығына  эвакациялау пункттерін толық дайындауды,  азық-түлік және дәрі-дәрмек қорымен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді, инертті материалдармен толықтыруды, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, Шағалалы, Сілеті, Сергеев су қоймаларынан судың ағуына ұдайы мониторинг жасап отыруды тапсырды.

                                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp