«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғұмырын ғылымға арнаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл ғұлама ғалым, академик, заманауи қазақ ғылымының іргетасын қалаған Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Мерейтойға орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада бірнеше іс-шара өтті. Алдымен кітапхана қызметкерлері Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде болып, студенттерге ғалымның еңбегі туралы баяндап, студенттер арасында білгірлерді анықтаған байқау өткізді. Кейін мұнда “Қазақ ғылымының атасы” тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Онда ғалымның жастық шағы, ғылымдағы жолы, Қазақстанның геологиясына сіңірген еңбегі туралы айтылды. Ал “Әлемге әйгілі ғалым” атты тікелей эфирде Қайыржан Мәлікова мерейтой иесінің қазақ ғылымында алар орнына тоқталды.

-Қаныш Сәтбаевтың есімі аталғанда ел есіне алатын екі оқиға бар. Оның бірі – 1947 жылы Ұлыбританияның әйгілі саясаткері Уинстон Черчилмен  кездесуі. Сонда саясаткер ғалымнан “Қазақтардың бәрінің бойы осындай биік пе?” деп сұрағанда, ол “менің халқым менен де биік” деп жауап беріпті. Ал екінші оқиғада Қаныш Сәтбаевтың еліміздің кен орындарының картасын жасағанда кей орындарды картаға енгізбей сақтап қалғаны туралы айтылады. Оның тағдыр жолы қиын болса да, ғалым қудалау мен кедергілердің бәріне төзіп, ел үшін өмірінің соңына дейін еңбек етті,-дейді кітапханашы.

Бұл шаралардан бөлек мұнда мектеп оқушыларының қатысуымен академикке арналған шара ұйымдастырылып, балаларға қызықты деректер айтылып, кітап көрмесі таныстырылды.

Диас АЯҒАН,

«Soltústіk Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp