Көшет егу күні

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық науқаны аясында өңірімізде “Бүкілқазақстандық  ағаш  отырғызу күні” акциясы өткізілді. Республикалық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. Ал  27 сәуір – ағаш көшеттерін отырғызатын  және екпелерді әктейтін “Жасыл аймақ” күні болды.

Бұл күні облыстың елді мекендерінің аумағында 1,5 мың адамның қатысуымен 19 мыңнан астам түрлі ағаш-бұта тұқымдас көшеттер отырғызылды.

“Солтүстікқазақстандықтар бұл акцияға қосылуға шешім қабылдады. Акция облыстың барлық аудандарында өтуде.  Бұл шара –  аумақты көгалдандыру үшін қажет, әрі  қоршаған ортаға қамқорлық белгісі. Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға біз де өз үлесімізді қосамыз. Жоспар бойынша бірінші кезеңде 12 миллион, ал жалпы жыл соңына дейін 38 миллион ағаш отырғызу көзделген”, –  деді облыс  әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов.

 Көктемгі кезеңде орман қоры аумағында 2900 гектар алқапта ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Петропавл мен облыс аудандарында аумақтар тазартылды. Тұрғындар саябақтарды,  саяжолдарды тазалап, үй маңындағы аумақтарды ретке келтірді.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp