«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қайырымдылық фестивалі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар сарайында қайы­рым­ды­лық фестивалі өтті. Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясының қолдауымен өт­кен шарада өңірдің өнер ұжым­дарымен қатар алма­тылық мей­мандар да өнер көрсетті.

Қатысушылар түрлі халықтар­дың ән-биін орындап, мәдениетін паш етуге тырысты. Мерекелік кон­церттен бөлек, мұнда жәрмеңке өтіп, қолөнер шеберлері жұрт­шы­лық на­зарына өз қолынан шыққан бұйым­дарын ұсынды.

Концертте өнерлі балалар, балалар үйінің шығарма­шылық топтары, қала мен аудан­дардағы ұжымдар қатысып, сах­на­да 400 адам өнер көрсетті. Шара­да қазақ­тың халық әндері де әуеледі. “Jibek joly” сән театрының мүшелері ұлт­тық киімнің жаңа үлгілерін көрсетті.

– Көрмеге Жамбыл ауданы­нан ке­ліп отырмын. Бос уақытым­да қол­өнермен айналысып, кесте тіге­мін. Ауданда өтетін осындай ша­раларға үз­бей қатысып, бұйымда­рымды апа­рып отырамын, – дейді Роза Байса­рина.

Концерт залына жиылған қа­лың көпшілік өнерпаздардың ән-биіне қол соғып, жоғары бағасын берді. Қайы­рымды көрермендер ар­найы шотқа ақша аударып жатты. Фести­валь аясында жиналған қаражат тасқыннан зар­дап шеккен­дерге аударылатын болады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp