«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан он жыл бұрын колледжде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының Бейбітшілік және келісім орталығы ашылған болатын.

Оның мақсаты – көп этносты қоғамның қазақстандық моделін зерделеу және студенттер ара­сында кеңінен насихаттау, тари­хы мен мәдениетін таныстыру, патриотизмді қалыптастыру, ұлт пен ұлыстың тілі мен дәстүрлерін дамытуға үлес қосу. Осындай маңызды жұмысты атқаруға Бей­бітшілік және келісім орталық­тары үлес қосып отыр .

Орталықтың колледж қабыр­ға­сында ашылуында да зор мәні бар. Себебі студенттер – жалын­даған жастар. Ал жастар – елі­мізде болып жатқан қоғамдық үдерістерге белсене қатысатын қоғамымыздың негізгі әлеуметтік тобы.

Бейбітшілік және келісім ор­талығы колледждің лингвисти­калық орталығымен бірлесе оты­рып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, түрлі этностар­дың мәдениетін зерделеу, тілдері мен дәстүрлерін дамытуға үлес қосу бағытында жұмыс істеп келеді. Туған өлке тарихын зер­делеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Төл тарихы­мыз – ұлттық және әлеуметтік бірегейліктің өзегі. Туған жерге, мәдениетке, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген ерекше көзқарас – патриотизмнің ең маңызды бел­гісі, ұлттың мәдени-генетикалық кодының негізі болып табылады.

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде 20-дан астам ұлттың студенттері оқиды. Бей­бітшілік және келісім орталығы­ның осы күнге дейін атқарған қызметінің тәрбиелік мәні зор. Көпэтносты қоғамның қазақ­стан­дық моделін насихаттау аясында былтыр және биыл этносаралық толеранттылық пен қоғамдық ке­лісімді нығайту, мемлекеттік тілді меңгеруді ұйымдастыру, теріскей өңірдің қызықты адамдарымен шығармашылық кездесулер өт­кізу, оқушыларды адамгершілік-пат­риоттыққа тәрбиелеу мақса­тында 50-ден астам мәдени, ақпараттық, танымдық бағыттағы іс-шара өткізілді.

Оның ішінде арнайы ашылған Бейбітшілік және келісім ка­бинетінде “Ұлтаралық және кон­фессияаралық келісім. Толерант­тылық”, “Бірлік – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты “дөңгелек үстел” оты­рыстары, сы­нып сағаттары, “Ха­лықтар дос­тығындағы Қазақстан бірлігі”, “Бей­бітшілік пен келісім – Тәуел­сіздіктің басты жетістігі”, “Тіл – достық көпірі”, “Ұлы дала тұл­ғалары” тақырыбында түрлі ша­ра­лар ұйымдастырылды.

Колледжде еріктілер қозға­лысы бар. Өңірімізде табиғи апат орын алғанда студентте­рі­міз қарғын сумен күресіп, зардап шеккен жерлес­терімізге қол ұшын соза білді. Күн-түн демей гуманитарлық кө­мекті түсіріп алу­ға білек сыбана кірісіп, қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүрді.

Биыл Қазақстан халқы об­лыстық ассамблеясының Бей­біт­шілік және келісім орталы­ғына 10 жыл толды. Алдағы уа­қытта мерейтой аясында бірне­ше іс-шара жоспарланған. Ат­қарған жұмыстарымызды әлеу­меттік желілерде және колледж сай­тында, сонымен қатар жергі­лікті БАҚ арқылы жариялап тұрамыз. Ақпараттық-насихат жұмысының маңызы зор. Осының арқасында бірлігі жарас­қан елдің іргесі берік, шаңырағы биік болады, ал өс­келең ұрпақ діні мен діліне қарай бөлінбейтін, ұйымшыл, тату бо­лып өседі.

Ағыбай КӨШІМБАЕВ,

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp