«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІН СУ БАСҚАНДАРҒА — ЖАЙЛЫ БАСПАНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірге жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан шағынаудандарды аралап, жергілікті жерде зардап шеккендерге жасалып жатқан жағдаймен,  үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Министр алдымен “Alageum Electric” компаниясының Петропавл электротехникалық зауытына соқты. Кәсіпорын 2021 жылы ашылған,  биыл 11 млрд. теңгенің өнімін ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға бағдарланған. 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ведомство басшысы “Қызылжар су” мекемесінде болып,  ұжыммен кездесіп, атаулы әлеуметтік төлем мерзімі ұзартылғанын хабарлады. Кәсіпорын басшысы Жеңіс Сұлтановтың айтуынша, 60 жұмысшының үйлері су астында қалған, олардың әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде бір реттік төлем, сонымен қатар  2 апталық демалыс төлемақысы берілген. Құрылыс материалдарымен де көмектеспек.

Ведомство басшысы Ойқала шағынауданына, онда орналасқан қалпына келтіру штабына барды. Мұнда 1383 үй су астында қалған болатын. Арнайы жасақталған бригадалар үйлерді қалпына келтіру ісіне қызу кіріскен.

“11 ауданнан 700-ге жуық маман көмекке келіп, учаскілер бөлініп берілген. Ойқаладан су әлі толық кете қойған жоқ. Осы себепті ойпаң жерлердің суын сору шараларына 540 құрылғы мен 27 бригада жұмылдырыл­ған. Комиссия су шайған бас­паналарды зерттеп, дүние-мүлікті бағалауда. Тұруға болатын үйлерге жөндеу жүргізіледі. Ал жарамсыз деп танылса, отба­сыларға жаңа баспана беріле­ді”, – деді есеп берген қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Баспанасы тұруға жарам­сыз деп танылған жеті петро­павлдық отбасыға пәтер сатып алынды. Солардың бірі – Валерий және Людмила Беленко­лар. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Светла­на Жақыпова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов оларды жаңа қоныспен құт­тықтады. Қариялар пәтерді өздері таңдаған, қолайлы аумақта орналасқан.

Ал үйлеріне орала қоймаған петропавлдықтар үшін эвакуа­циялық пункттерде барлық жағ­дай жасалған.

Министр “Солнечный-2” ша­ғынауданында қызу еңбек дүбі­ріне бөленген құрылыс бары­сымен танысты. Қазіргі уақытта 100 үйдің іргетасы құйылып, үштен бірінің қабырғасы қалан­ған.

Облыс әкімінің бірінші орын­басары Марат Тасмағанбетов бұл аумақ барлық инфра­құрылыммен қамтамасыз етілгенін, 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі үйлерге орталықтандырылған әдіспен су келіп тұрғанын, жарық, жол қысқа мерзімде тартылатынын мәлімдеді. 10 құрылыс ұйымы маусым айын­да баспананың кілттерін салтанатты жағдайда тапсыратын болады.

“Жұмыс күші жеткіліксіз бол­са, “enbek.kz” порталы арқылы білікті мамандар шақыртуға болады. Осылайша су тасқыны­нан зардап шеккен аймақтар үшін көмек берудің барлық жол­дары қарастырылған. Олармен ресми түрде келісім жасап, зейнетақы қорына төлем аударып отыруы шарт”, – деген ведомст­во басшысы қабылдау алгоритмі жөнінде мағлұмат берді.

Министр Е.Дауытов атын­дағы қызмет көрсету саласы колледжінің жаңа жатақханасында тұрып жатқан отбасылармен, гуманитарлық көмекті қабылдау орталығында кезде­сулер өткізді. Тұрғындардың өті­ніштерін тыңдады. Мансап ор­талығында электронды үкіметтің мобильді қосымшасы арқы­лы су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру алгоритмінің тұсаукесеріне қатысты.

“Екі жатақханада 440 адам орналасқан. Баспана мәселесі шешілгенше алаңсыз тұра береді. Су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде бірреттік әлеуметтік төлем берілді. Су шайған үйлерге техникалық бағалау жүргі­зілуде. Жөндеу жұмыстарын өз­дері жүргізетін отбасылардың есепшоттарына қаражат аударылады. Әйтпесе, жергілікті ат­қарушы органдар есебінен ат­қарылады. Маусым айында баспаналар толық тұрғызылады”,­ – деді Ғауез Торсанұлы.

Министрге өтінішпен жүгін­ген Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны қайыңнан са­лынған баспананың тұруға мүл­дем жарамсыз болып қалғанын жеткізді. Оған арнайы қадағалау комиссиясы мән-жайды толық анықтап, шешім қабылдайтыны, ешкім көмексіз қалмайтыны айтылды.

Светлана Қабыкенқызы зардап шеккен тұрғындарды са­наторийге жіберу мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

“Министрлік республикалық кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, тасқын судан зардап шеккен кей тұрғындарды санаторийге жіберуге келісті. Мүге­дек жандар мен көпбалалы от­басылар үй берілгенше шипажайларда тұра беруіне болады. Олардың қатарында Алматыдағы “Көктем”, Қостанай об­лысындағы “Сосновый бор”, Қы­зылорда облысындағы “Жаңа­қорған”, Ақмола облысындағы “Бурабай” санаторийлері бар. Тізім дайындалса, жол шығын­дары өтеледі. Өйткені бұл санаттағы адамдарға жатақханаларда тұру қиындау соғуы мүмкін. Шипажайда бес мезгіл та­мақ беріліп, кешенді медициналық қызметтер көрсетіледі”, – деді министр.

Министр қажеттілік туында­ған жағдайда құрылыс жұмыстарына шетелдік компанияларды да тартуға болатынын айтты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp