«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Асқындырмаған абзал

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Онкологиялық ауруларды диаг­ностикалау мен емдеуде қол жеткізілген белгілі бір жетістіктер­ге қарамастан, жатыр мойны обы­ры жиі кездесетін қатерлі ісіктер санатында. Өңірде 554 әйел осы диагнозбен диспансерлік есепке алынған. Биыл тағы алты әйелде дерт анықталды.

Бұл патология 40 жастан 50 жас­қа дейінгі әйелдерде байқа­ла­ды. Алайда соңғы жылдары 35 жас­қа дейінгі келіншектерге де бұл диагноз жиі қойылатын бол­ған. Мұның бірнеше себебі бар: ол – халықтың дерт жайында білі­мі­нің төмендігі және жатыр мой­ны ау­руларын қатерлі ісікке дейін ас­қындырмай, уақытылы емдел­меу.

Жатыр мойны обыры алдын алу­ға болатын аурулардың қата­рына жатады. Бұл ісіктің баяу өсуі­не байланысты және жатыр мойны визуалды тексеруге қол­жетімді орган, гинекологиялық тексеру кезінде өзгерісті байқауға болады. Жатыр мойны рагына адам папилломасының вирусы, тұ­қым қуалаушылық, фондық ау­ру­лар – эрозия, лейкоплакия, поли, кондилома, қатерлі ісікке дейінгі процестер – дисплазия, гормоналды препараттарды ұзақ уақыт, бақылаусыз қабылдау және тосқауылдық контрацеп­ция­дан бас тарту, салдарынан жы­ныстық жолмен берілетін ин­фек­цияларды жұқтыру, жыныс­тық өмірді ерте – 14 жастан бас­тау себеп болуы мүмкін. Жыныс­тық серіктестерді жиі өзгерту, те­мекі шегу де, иммундық жүйенің әлсіздігі, жиі бала туу, әлеуметтік төмен жағдай да обырдың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Жатыр мойны обыры ұзақ уа­қыт бойы белгі бермейтін ісіктер­ге жатады. Ауру асқынған жағ­дай­да ғана алғашқы белгілері пай­да болады. Сырқаттарда менс­труал­ды кезеңнен тыс уақытта да қан кетуі мүмкін. Бұл – жатыр мойны обырының негізгі белгіле­рі­нің бірі бо­лып саналады. Ауру­дың ба­сын­да ауыр зат көтерген­де қан ке­теді. Сонымен қатар иісі жағым­сыз ақшыл сұйық зат бөлі­ніп, іштің төменгі жағы ауырады. Сал­мақ жоғалту, шаршаңқылық жә­не кейде зәрде қан пайда болуы да осы ауру белгілеріне жатады.

Екінші белгілері – ісік метас­таз беріп, көрші органдарға әсер еткенде, қабыну процесі жүрген­де білінеді. Ол – ауырсыну, дене температурасының жоғарылауы, аяққолдардың ісінуі, ішек функ­циясының, зәр шығару жүйесінің бұзылуы.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің жалпы белгілері: әлсіздік, тез шар­шағыштық, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту.

Егер осы белгілердің кез кел­ге­ні пайда болса, дереу тұрғы­лық­ты жері бойынша гинекологқа тексерілген жөн. Дәрігер қажетті зерттеулерді жүргізеді, соның ішінде айнамен жатыр мойнын тексереді, кольпоскопия жасап, жатыр мойнынан онкоцитология­ға жағынды алады. Қынаптық, ректалды, бірқатар ультрады­быстық зерттеу жүргізеді.

Жатыр мойны обырының ал­дын алуға болады. Оның бір жо­лы – халықтың белгілі бір тобын вакциналау.

Әр адам өз денсаулығына жа­уапты. Ең алдымен саламатты өмір салтын ұстанып, жылда дә­рі­гердің тексерісінен өтіп тұрған жөн. Егер де органда қандай да бір өзгеріс, обырға әкелетін аурулар пайда болса, оны ас­қындырмай, емдейді.

Ирина АСТАНИНА,

көпбейінді облыстық аурухана жанындағы онкологиялық орталықтың онкологмаммологы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp