«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Серілер сүйген сұлулар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияға жиналған әнсүйер қауым “Серілер сүйген сұлулар” атты концертті тамашалады. Жанат Айтбаев, Біржан Есжан, Еркебұлан Қарыпов,  Ғалымжан Нұрпейісов сынды есімдері өңір жұртшылығына белгілі әншілердің өнерлерін жұртшылық жылы қабылдады.

Салсерілердің ғашықтық-лирикалық әндері шырқалған концертте “Әлқисса” фольклорлық ансамблі мен “Әдемі-ау” халық би ансамблі де өнер көрсетіп, көрермен  қошеметіне бөленді.

Қазақ тарихында алтын дәуір деп есептелетін ХVIII-XIX ғасырлардың қазақ тарихында аңызға бергісіз оқиғалармен жазылғаны баршамызға аян. Сол заманда дүниеге келген “Қорлан”, “Сәулем”, “Ғалия”, “Ақ айша”, “Ағаш аяқ”, “Қыздар-ай”, “Тік шырқау”, “Тау ішінде”, “Қызыл асық”, “Балқадиша” әндерінің астарында ұлттың біртұтас тағдыры тұнып тұрғандай.

– Бүгінгі концертте шырқалған әр әннің астарына үңілсек, автор өмір сүрген қоғамның шындығына кезігеріміз анық. Сал-серілер замана запыранын, биліктің озбырлығын туындылары арқылы жеткізген. Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан салдың қай туындысын сахнаға алып шықпайық, тыңдарманын риза қылып, рахат сыйлайды. Концертке келген әрбір көрермен рухани демалып қайтты, – дейді  әнші Біржан Есжан.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp