«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үш жерден пышақ салған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы №44 орта мектептің оқушысы аулада 19 жастағы жігітті бірнеше жерден пышақтаған. Салдарынан бозбала ауруханаға түсіп, оған ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты.

Білім ордасының директоры Анастасия Якушеваның айтуынша, 13 мамыр күні ерекше режімдегі арнайы мектептен 18 жастағы оқушы ауысып келген. Ол оқу жылын осында аяқтап, емтихан тапсырып, аттестат алуы тиіс еді.

“Ол жұмысқа орналасу туралы анықтама әкелетінін және мектептен кететінін айтты. Біз оның ісін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияларда, мектептің профилактикалық кеңестерінде бірнеше рет қарастырдық. Мектепте бұл бала өзін әрдайым сабырлы ұстады, мұғалімдерге құрметпен қарады және педагогикалық ұжымның оған ешқашан шағымы болған емес. Ол барлық қылмысты мектептен тыс жерде жасаған. 18 жасқа толғаннан кейін оны арнайы мектеп бізге қайта оқуға жіберуге мәжбүр болған”, – дейді Анастасия Якушева.

Пышақ жарақатын алған зардап шегуші Петропавлдағы облыстық көпбейінді ауруханада жатыр.

“Сырқатқа жедел түрде ота жасалды. Операция штаттық режімде өтті. Кейін жансақтау бөліміне шығарылды, жағдайы тұрақталғандықтан хирургия бөліміне ауыстырылды”, – дейді облыстық көпбейінді аурухана директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Руслан Абетов.

Облыстық полиция департаменті мамандарының айтуынша,  күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp