«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кері қайтарылған сиыр еті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымыздағы “Жаңа жол” ветеринарлық бақылау бекетіне 12 мамырда Беларусь Республикасынан (Минск облысы, “Несвижск агрокомбинаты”) 16 136 килограмм көлемінде сиыр еті келген.

Құжаттамалық бақылау жүргізу барысында ветеринарлық инспектор ветеринарлық сертификаттарда көрсетілген ақпаратта Кеден одағы кәсіпорындарының тізіліміндегі деректермен сәйкессіздіктерді анықтады. Ветеринарлық сертификаттардың деректеріне сәйкес, Кеден одағының тізілімінде Беларусь кәсіпорны үшін көрсетілген қызмет түріне сәйкес келмейтін өзге мал өнімдері әкелінген. Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты сиыр еті жөнелтушіге кері қайтарылды.

Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бастап еліміздегі ветеринарлық бақылау инспекторлары мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын 17 мың автокөлік құралын тексерді.  Нәтижесінде 247 автокөлік кері қайтарылып, 69 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp