«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аналардың аялы алақаны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан жарты жыл бұрын облыста “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылған болатын. Арада аз уақыт өтсе де республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері тасқын судан зардап шеккен өңірімізге 55 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді.

“Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы Айнұр Жүгінісованың айтуынша, бұл қаржының 45 миллион теңгесіне 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген. Ал қалған соманы Шымкент қаласында орналасқан педагогикалық университетке түсетін 10 солтүстікқазақстандық балаға аудармақ.

“Қазіргі таңда облыстық ұжымның құрамында 25 әйел бар. Біз мектептерге барамыз, жастармен танысамыз, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтамыз. Бұдан бөлек, гаджеттер өскелең ұрпаққа көп зиян келтіруде, сондықтан балалардың еңбекке деген сүйіспеншіліктерін оятуға тырысамыз”, – деді қоғамдық бірлестіктің облыстық филиалының төрайымы Алма Махаметова.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp