Өзбекстан астанасы – Таш-кентте жеңіл атлетикадан Орта-лық Азияның ашық чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде өңір спортшылары да өнер көрсетті.
Құрлықтық додаға өңір намысын олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтті. Жерлесіміз Антонина Чернышова екі бірдей алтын медальға қол жеткізді.
– Антонина Чернышова кедергілермен 100 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші орын иеленді. Ол мәре сызығын 14:10 секунд ішінде кесіп өтті. Сондай-ақ спортшы ұзындыққа секіруден сынға түсіп, 5 м 91 см.-ге секіріп, алтын жүл-деге қол жеткізді, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Марат Шынтеміров.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.