«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Махаббат – мәңгілік тақырып

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы об­лыстық орыс драма теат­рында белорус драматур­гы Дмитрий Богословс­кий­дің “Бөгде жағалаулар” қойыл­ымының тұсаукесері өтті. Айбол Қасымның ре­жиссерлігімен қойылған туынды кездейсоқ кездес­кен екі жастың махаббат хикаясынан хабар береді.

Тек екі-ақ актер қатысатын спектакль ғашықтардың кездес­кеннен кейінгі үш күндік өмірін сипаттайды. Алайда осы 72 са­ғат олардың бар ғұмырына та­титындай әсер қалдырады. Әл­дебір жігіт сақтандыру компа­ния­сына келіп, сондағы бір бой­жеткенге ғашық болады. Екеуі үш күн бойы бірге жүріп, жастық шақтың естен кетпес сәттерін бастан кешіреді. Алайда өмір ағы­сы олардың бірге болуына кедергі келтіреді. Екеуі бір-біріне жете алмай екі жағада қалған адамдардай аласұрады. Өзінің қатерлі ауруға шалдық­қанын білген қыз сүйгенінен алыстағысы келеді. Ал жігіт болса өз ғашығын іздеп, шарқ ұра­ды. Ол екеуінің арасын бө­ліп тұрған ағысы қатты өмір-өзенге сүңгіп кетуге әрекет жа­сайды. Қойылымның соңында жігіт өз ғашығын қолынан ұстап, перденің ар жағына кетпек болған жерінен алып шығады. Осы­лайша олар махаббаттың өлім­нен де күшті екенін, бір сәттік кездесудің өзі адам өмірін мүл­де басқа арнаға бұрып жібере алатынын көрсетті.

Қойылымның соңында залға жиылған қалың жұртшылық актерлер мен режиссерге қол соғып, құшақтарын гүлге тол­тырды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp