Футболдан ел біріншілігінің ке-зекті ойындары өтті. Тоғызыншы турда жергілікті “Қызылжар” клубы сырт алаңда талдықорғандық “Же-тісу” командасына қарсы матч өт-кізді.
Бұл ойынға дейін “Жетісу” ко-мандасы турнирлік кестеде 4-ші орында тұрса, жерлестеріміз 8-ші сатыға жайғасқан болатын. Қос клуб үшін де жеңіс ауадай қажет еді. Өкінішке қарай, бірде-бір аяқдопшы көзге түсе алмай, екі команда тең тарқасты.
Бірінші тайм басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кірісті. Алайда барлық әрекеттері нәтиже әкелмеді. Ойынның екінші бөлімінде де “Қызылжар” аяқдоп-шылары есепте алға шығуға ұм-тылды. Десе де талдықорғандық қырағы қорғаушылар тосқауыл қоя білді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.