Облыс полицейлері мемлекеттік кірістер департаментімен бірге бір тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркіледі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына контрафактілік спирттік ішімдіктің көп мөлшердегі заңсыз айналымы туралы ақпарат келіп түскен. Полицейлер департамент мамандарымен бірге Қызылжар ауданының аумағында, “Астана – Петропавл” автожолында жүк көлігін тоқтатты. “ГАЗель” автомашинасында Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны болған.
Көліктен 70 бес литрлік және көлемі 0,5 болатын 2680 бөтелке тәркіленді. Ыдыстардың ішінде спирті бар сұйықтық болған. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі – 1690 литр. Жүк иесінің құжаттары болмаған.
Аталған дерек бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілді.
Сапасы тексерілмеген, лицензияланбаған алкоголь адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.