«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір тонна заңсыз ішімдік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері мемле­кеттік кірістер департаментімен бірге бір тоннадан астам контра­фактілік алкогольді тәркіледі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына конт­ра­фактілік спирттік ішімдіктің көп мөлшердегі заңсыз айналымы ту­ралы ақпарат келіп түскен. По­ли­цейлер департамент маманда­рымен бірге Қызылжар ауданы­ның аумағында, “Астана – Петро­павл” автожолында жүк көлігін тоқтатты. “ГАЗель” автомаши­на­сында Петропавлдың 49 жаста­ғы тұрғыны болған.

Көліктен 70 бес литрлік және көлемі 0,5 болатын 2680 бө­тел­ке тәркіленді. Ыдыстардың ішін­де спирті бар сұйықтық бол­ған. Тәркіленген өнімнің жалпы кө­лемі – 1690 литр. Жүк иесінің құжаттары болмаған.

Аталған дерек бойынша ма­те­риал процессуалдық шешім қа­былдау үшін Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілді.

Сапасы тексерілмеген, ли­цензияланбаған алкоголь адам өмірі мен денсаулығына қауіп төн­діруі мүмкін.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp