«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңімпаз желаяқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өзбекстан астанасы – Таш-кент­те жеңіл атлетикадан Орта-лық Азияның ашық чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде өңір спорт­шы­лары да өнер көрсетті.

Құрлықтық додаға өңір намы­сын олимпиадалық резервтегі ба­лалар мен жасөспірімдерге ма­мандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Жа­рыс 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтті. Жерлесіміз Анто­нина Чернышова екі бірдей алтын медальға қол жеткізді.

– Антонина Чернышова кедер­гілермен 100 метр қашықтыққа жү­гіруден бірінші орын иеленді. Ол мәре сызығын 14:10 секунд ішінде кесіп өтті. Сондай-ақ спортшы ұзын­­дыққа секіруден сынға түсіп, 5 м 91 см.-ге секіріп, алтын жүл-деге қол жеткізді, – дейді облыстық де­не шынықтыру және спорт бас­қар­масының баспасөз хатшысы Ма­рат Шынтеміров.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp