«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңға қайшы әрекет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау актілері бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілік көзделген. Жыл басынан бері қадағалау органы прокурорлардың актілері бойынша шаралардан бас тартқаны үшін 3 мемлекеттік органның басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл салды.

Мысалы, Жамбыл ауданының әкімдігі “Прокуратура туралы” Конституциялық заңның талаптарына қайшы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданбаған.

Осындай фактілер Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Ақжар ауданының білім бөлімінде де анықталды. Олар да прокурордың ұсынысы бойынша заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданбаған. Нәтижесінде жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған.

Қадағалау органының қаулылары бойынша Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp